Динара Сәтжанның басы дауға қалды

    Динара Сәтжанның басы дауға қалды

    «Көп асқанға – бір тосқан» демекші, ұлттық телеарнадағы жұмысымен қатар көптеген іс-шаралардың басы қасында жүретін журналист, модель Динара Сәтжанның ақыры басы дауға ілікті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

    Мұның алдында Instagram желісінде желі қолданушылары белгілі тележүргізушіні тон тігілген ұтыс ойынының жеребесін алдап өзгертті деп айыптаған еді. Астанада өткен бұл ұтыс ойынының видеосынан қолданушылар билет нөмірін ауыстырған делінген адамның әрекетін талқылаған. Өз кезегінде Динара Сәтжан бұл шараға шын мәнінде қатысқанын, бірақ жүлде ұтыстарымен байланысы жоқтығын мәлімдеді. "Бұл шараға мені жүргізуші ретінде шақырды. Менің міндетім компанияның тарихын айтып, амбассадор мен әртістерді таныстыру еді. Ұтысты иллюзионист ойнатуы тиіс еді, ал мен жүлделерді табыстауым керек болған. Жеребе қағаздарын ауыстырып жіберді деп мені айыптамауларыңыз керек. Өз басым бәрі әділ өтеді деп сендім. Тонды қарағандылық қыз жеңіп алды, ол кейін жүлдесі туралы Instagram желісінде жазды", - деді ол тілшімізге берген сұхбатында. Сонымен қатар, ол желі қолданушыларының мұндай дау шығарғанына таңғалғанын айтты. "Бүкіл ел қатысқандай дүрлігіп кетті. Ең қызығы, видеоны түсірген де, монтаждаған да корпоративтік компания. Ешкім ештеңені байқамады. Соған қарағанда осы аккаунттан видео Желіге таралған. Адам көп емес еді, ары кетсе қырық. Нәтижесінде жүлделерді қонақтардың жартысы ұтып алды", - деді Динара Сәтжан. "Басқа адам жүргізуші болса бұл таныстырылымға ешкім де назар аудармас еді деп ойлаймын. Мені әділетсіз ұтыс ойнаттың деп те айыптаудың қажеті жоқ, мен шараларда жүргізуші боламын. Бұдан былай сақ боламын", - деді тележүргізуші.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қарттар мен мүгедектер үйінде тағы да шу шықты
  • Instagram желісінде саудамен ең көп айналысатындардың кім екені белгілі болды
  • Жайсаңдағы мектеп-интернат директоры қызметінен кетті
  • Интернатқа “туыстарын жинап алған” директордың басы дауға қалды
  • МС Сайлаубек салған ылаң
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге