Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмыс құрды

    Көпшілікті махаббат туралы мұңды әндерімен жылатып, жүректерін тербететін Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шықты. Әншінің тойы күндіз, ашық аспан аясында ерекше болып өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

    Тойға әнші мен жарының туған-туыстары, Ақботаның өнердегі барша әріптестері келген. Үйлену тойы өтіп жатқан жерге жас жұбайлар екі лимузинмен келді. Үшінші рет ақ көйлек киіп жатқан Ақбота мен жары Рауанның достары той кортежінен көздерін жауып тұратын бетперде киіп түсті. Жұбайлар неке қию рәсіміне қарай Дос-Мұқасан тобының "Той жыры" әнімен барып, ресми түрде туған-туыс пен дос-жарандарының ортасында некелерін заңдастырды. Асабадан сөз кезегін алып, сахна төріне шыққан Ақбота тойына өзін қатаң сынға алмайтын, түсінетін жандардың келгенін айтты.
    - Ал құрметті менің осында отырған барша достарым, жақындарым, ата-анам! Бүгін кішігірім қуанышымызға келіп... енді шақыратын адам, әрине, жетерлік. Бірақ енді бүгінгі тойымызға бізге шынайы тілекші деп сіздерді шақырып отырмыз. Әрине, өнерде жүргеннен кейін сын көп, әңгіме көп. Әр адамның өзінің басына жазылған тағдыры ғой. Сол себепті біз Рауан екеуміз сол сіздердің тілектеріңізді, жылы ниеттеріңізді алайық деп, "басқа сынаса да, сіздер сынамайсыздар" деген ниетпен сіздерді шақырып отырмыз,- деді ол.
    Ақботаның жары Рауан да өнерден құр алақан емес сияқты. Ол өз кезегінде сүйіктісімен бірге дуэт орындады. Екі рет некесі сәтсіз болған әнші, қайта шаңырақ көтеріп, жарымен бал айына да барып келді. Алайда оны сынап, үш баласы бола тұра тұрмысқа шыққаны үшін сөккендер аз болмады. Елдің сөзіне мән бермеген әнші неліктен тағы да отбасын құрғаны жөнінде кеңінен баяндап берді.

    - Жеке өмірімді айтқым келмейді. Бақыт деген тыныштықты жақсы көреді. Әркімнің өмірі, тыныштығы, әркімге өзіне. Әлеуметтік желіде біраз шулап, біразы анау деді, мынау деді. Бірақ еріккенімнен, күйеуге шыққым келіп шығып жатқан жоқ. Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан ғой. Көңіліміз он сегіз болса да, жасымыз қырыққа келгені өтірік емес. Барар жерің болады, ортаң болады. Сол кезде сүйенішің, тіреуің жүрсе, үйде ер-азаматтың жүргені жақсы ғой. Балаларға айта алмайтын нәрселер болады, сол кезде азаматың болса, ақылың айтып, сүйеп отырса. Кім болса да, әр адам бақытты болуға лайықты деп ойлаймын. Жаңа ата-енеме сәлем салып, орамал тақпаймын. Ол кісілер Орал жақтың кісілері. Орысшалау кісілер. О бастан мені жұлдыз деп қабылдады. Ол кісілерге де қуаныш болды деп ойлаймын. Қазір "Бота, Боташ" деп отырады, - деді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Манас Көшербаев: “Республикалық сахнаны бағындыра алмадық деп өкінбейміз”
  • Әйелдің бағын ер ашады
  • Жадыра Арыстанова: Той әндерін сахнаға алып шығу дұрыс емес!
  • Асхат ТАРҒЫНОВ: Нигериялық Рич Димен дуэт құрмақшымын
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге