Продюсері Төреғалидің жарының мінезін айтып тамсанды

    Төреғали Төреәлінің продюсері Жан Мұқанов әншінің жарының мінезі мен көркіне деген таңданысын жасыра алмады деп хабарлайды «31 арнаның» «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған «Нұр.кз» порталы.

    Неше жылдан бері өнер әлемінде Төреғалимен бірге жүрсе де, оның жұбайымен жақында ғана таныстым деген продюсер «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында Толқынның мінезі мен сыртқы келбеті туралы айтты. "Толқын өте әдемі, сыртқы келбеті модельге ұқсайды. Бойынан қазақы ақсүйектік сезіледі, сабырлы, эмоциясын ұстай біледі, қатты күлмейді. Әзілдің өзін ақылмен айтатындай. Ол тіпті Төреғалимен "сіз" деп сөйлеседі, мені бұл аздап таңғалдырды. Әдетте "сіз" деп біз ата-анамызға айтамыз, ал ол "Төреш сіз" деген кезде адамды еріксіз баурап алады", - дейді продюсер. Сондай-ақ, Жан Мұқанов қазан айында барша қазақстандықтар көре алатын үйлену той өзге тойлардан ерекше болмақ дейді. Продюсер Төреғали мен Толқын үйлену тойларынан кейін бал айын Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізетіндігін де жеткізді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмыс құрды
  • Баян Есентаеваның түрмедегі күйеуіне қарындасы хат жазды
  • Қазнет: Тоқал туралы толғаулар
  • «КешYou» тобының бұрынғы солисі Айдана Меденова ұзатылды
  • Назарбаев қостанайлық жастарды үйлену тойымен құттықтады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге