3 жасар жиенін бауыздап өлтірген атасы мас болған

    Қарағанды облысы Шет ауданының тұрғыны араққа сылқия тойып алып, үш жастағы жиенінің тамағын осып жіберіп, мұнымен де тоқтамай бірнеше жерден пышақ салған, деп хабарлайды «КТК» арнасы.

    Бала жан тапсырған соң, айуандық жасаған атасы қаннен-қаперсіз ұйқыға кетіпті. Ертеңіне ғана не бүлдіргенін көріп, үйінен қашқан. Араға бір апта салып қолға түскен ол қылмысын мо-йындады. Ал қара жамылды деген үйдегілер отбасының асыраушысы деп отағасын жақтап отыр. Арсенді бауыздайтын түні 39 жастағы Виталий әйелі екеуі екі бөтелке арақты қылдай бөліп ішкен. Масайған Елена тәлтіректеп көршісінің үйіне кетсе, соңғы шишаны жалғыз өзі сімірген Виталий кішкентай Арсенді жайратып салады. Кейін мұнысын ер адам "шошқа сойып жатыр екенмін деп ойладым" деп міз бақпай айтып беріпті. Ал қыршын кеткен сәбидің нағашы әжесі немересін емес, қамалған ерін жоқтап әлек. "Қылмысын мойындайтынын айтты. Сол күні шошқа сойған еді. Соның да әсері болған шығар? Оның алдында тістің дәрісін көптеп ішкен болатын. Арақпен араласып есін кетірген сол болуы керек", - дейді Арсеннің әжесі Елена Резентюк. Арсенді бұл отбасының үлкен қызы 15 жасында туған екен. Туа сала, ұлды әке-шешесіне тастап өзі қалаға нәпақа табуға кеткен. Бұның да балам өлді деп бауыры езіліп отырмағаны анық байқалады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 7 жастағы жиенін зорлаған педофил сотталды
  • Нағашысы 7 жастағы жиенін зорлаған
  • Жеті жасар баланы өлтірген қылмыскер бостандықта жүр
  • Ақтөбе облысында қызын сабаған ана қоғамдық жұмысқа жегілді
  • Студент алты жасар қызды “зорламақ болған”
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге