«Мен барлық әйелді қорғаймын!»

    «Мен барлық әйелді қорғаймын!»

    Продюсер Баян Мақсатқызы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әрбір әйелге көмектесуге уәде берді. Бұл туралы продюсер «НТК» телеарнасындағы «Ревю» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды «Tengrinews.kz» тілшісі

    Оның көмегін алу үшін, продюсердің өзіне тікелей хабарласу қажет. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмектесумен айналысатынын айтқаннан бастап, көмек сұрап келетіндер қатары көбейіпті. Қазіргі уақытта жоба дайындалып жатыр. Ол осы тектес ұйымдардың жетекшілерімен кездесіп, шетелге тәжірибе жинауға аттанбақшы. Ұйымның концепциясын жасаумен бүтін бір команда жұмыс істеп жатқаны да айтылып отыр. «Болашақ қорымыздың атауы да бар. «Аю тас» деп аталады. Ежелгі түрік тілінен аударғанда «отбасы» деген мағынаны береді. Қазақстанда осындай жүзден аса ұйым бар. Осы істі біз де зерттеп білдік. Олар да жұмыс істеп жатыр, әрине. Бірақ мұндай кең ауқымды емес әрі қалағанындағыдай нәтиже көріп отырған жоқ. 101-ші ұйым болып қалғымыз келмейді», - дейді ол. Қазіргі таңда Баян қаржы іздеп жатыр. Айтуынша, авторлық кітабының сатылымынан түсірген қаражатты қорды ашып, жұмысын жүргізіп кетуге аздық етеді екен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе су тасқынынан зардап шеккен көпбалалы әйел асылып өлген
  • Баян Есентаева Ақтөбеге келе жатыр
  • Су астында қалғандарға психологтар көмектесіп жатыр
  • Әйелдерге қатысты қылмыс 90 пайызға өсті
  • Ақтөбеде теракт жасағандардың бірі әйелін қара киім киюге мәжбүрлеген
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге