500 теңгелік банкнотадан тағы бір «ұрланған» шағала анықталды

    Швейцариялық фотограф Марсель Буркхард қазақстандық жаңа банкноттағы шағаласының суретін танып қалған. Азамат Фейсбук желісіндегі парақшасында жазғандай, құс бейнесінің түпнұсқасы Уикипедияда бар және авторлық құқығы да көрсетіліпті деп, хабарлайды «Нұр.кз» порталы.

    «Қазақстанның Ұлттық банкі шағалалардың суреті салынған жаңа банкнот шығарды дегенді естідім. Бұл көпшіліктің қызу талқысына түсіпті. Алайда Ұлттық банк шағалалардың суреті ұрланған дегенді жоққа шығарады. Ал желіде үш түпнұсқа сурет табылды», — деп жазды Марсель Буркард. Буркхардтың айтуынша, дизайнер ешқандай әуре-сарсаңға түспей-ақ, интернетте бар суреттерді пайдалана салған. Фотограф суреттің авторы ретінде құқығын қорғайтынын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық банк 22 қарашада жаңа дизайнмен 500 теңгелік банкноттарды шығарды. Қағаз ақшаның бір жағында Қазақстан картасы мен Каспий теңізі, шағалалар бейнеленген. Желі қолданушылары шағаланы Уикипедиядан алынған деп сын айтуда. Ал, бас банк суретші натурамен жұмыс істеді, натура ретінде фотосурет интернеттен алынуы мүмкін дегенді алға тартады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 500 теңгедегі «шағалаға» қатысты Ұлттық банк жауап берді
  • Баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі – baspana.kz
  • “Әлия Молдағұлованың суреті” интернетте дау тудырды
  • “Валют Транзит Банк” салымшыларына өтемақы беріледі
  • Назарбаев: Көп нәрсе Ұлттық банк жұмысына тәуелді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге