Танымал отандық әзілкештің әйелі күйеуімен көңілдес болған Мақпал Исабекованы айыптады

    «Спарта Номад» КВН командасының ойыншысы Дидар Джексековтың жұбайы хабарласып, белгілі отандық әнші Мақпал Исабековаға қатысты біраз жайттардың басын ашты деп, хабарлайды «Нұр.кз» порталы.

    Астаналық арудың айтуынша, Исабекова Түркияда жолдасы Дидармен көңіл жарастырып, онымен «ойнас» құрған көрінеді. Бұған қоса, екі жұп «махаббат» хикаяларын елге оралғаннан кейін де жалғастырған екен. Әзілкештің келіншегі, тіпті, күйеуі мен белгілі әншіні Астанадағы қонақүйлердің бірінен «ұстап» алған көрінеді. «Оқиға 2016 жылдың жазында басталды. Олар жұмыс барысымен Түркияға аттанған еді. Көңілімде күдік болғандықтан ба, мен әртістерге фототүсірілім жағынан қолдау көрсеткен «Кипятком» суреттерін қайта-қайта көрумен болдым. Онда да жолдасым Дидар мен Мақпалдың барлық суреттерде бірге жүргенін көрдім. Дидардың ұялы телефоны үйдегі «Ipad»-пен байланыста болғандықтан, бірде планшеттен олардың Түркияда көңіл жарастырып, үнемі бірге болғандықтарын біліп қалдым. Яғни, жолдасымның көзіме шөп салғанын түсіндім. Сөйтіп жүргенде, Түркиядағы сапарлары да аяқталып, күйеуім елге оралды. Дидар алғашында «ажырасайық» деп кесіп айтқанымен, кейіннен кешірім сұрап, артық кеткендігін айтқан еді. Бірақ, мұнысына қарамастан, мен онымен ресми түрде сол жылы ажырастым», - деп мәселені түсіндірді әзілкештің жұбайы. Арадағы қиындықтарға қарамастан, белгілі әзілкештің келіншегі қазір бала үшін Дидармен қайта табысып, отбасын құруға әрекет етіп жүргендіктерін де жасырмады. Осы мәселеге қатысты Мақпал Исабекованың директорына хабарласқанымызда ол :«Мен Мақпалдың директорымын, оның өнері мен көпшілік алдына шығып жатқан сұхбаттарына ғана жауап беремін. Жеке өміріне араласуға құқығым жоқ, ол оның жеке шаруасы, басқа пікір білдіре алмаймын» деп қысқа қайырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мыңдаған қыздың жүрегін жаулаған отандық актер шаңырақ көтермек
  • Күйеуі абақтыға қамалған келіншек әділдік сұрайды
  • Ата-аналар: “Бақша меңгерушісіне жала жабылды”
  • Дидар Жалмұқан №73
  • Танымал кәсіпкердің өліміне қатысты сот процессі басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге