Қазақтың Төлегені өмірден өтті

    Қазақтың Төлегені өмірден өтті

    «Қыз Жібек» фильмінде Төлегеннің рөлін сомдаған Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков қайтыс болды, деп хабарлайды «Вaq.kz» ақпарат агенттігі.

    Қаралы хабар туралы тележурналист Қымбат Досжан «Қазақтың Төлегені өмірден өтті. Қош бол, АҒА...», - деп Іnstagram-да жазды. Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысы Сарқант ауданы Екіаша ауылында дүниеге келген. Актер, ҚР-ның халық артисі (1993 ж.). 1969 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін (ұстазы – профессор Х.Бөкеева) бітірген соң, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Оның алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген (1970 ж.). Бұдан кейін “Қыс – мазасыз маусым”, “Ағам менің”, “Ерекше күн”, “Аққулар ұшып келеді”, “Махаббат жаңғырығы”, “Ағама арналған қалыңдық”, “Қараша қаздар қайтқанда”, “Провинциялық хикая”, “Алаң шеті”, “Өрнек”, т.б. фильмдеріне түсті. Ол театр сахнасында да әр алуан рөлдерді сомдады. «Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жазушы Мұзафар Әлімбаев 94 жасында дүниеден озды
  • Ақтөбе облыстық драма театрына жаңа басшы келді
  • Қызылорда театры келді
  • Абсурд жайлы әңгіме
  • “Махаббат мұңы” жоғары бағаланды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге