Қуандық Бишімбаев Елбасынан кешірім сұрады

    Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сот залында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Baq.kz

    Экс-министр сотта өзіне тағылған айыптарға қатысты тек шындықты айтатынын әрі жіберген қателігі үшін халықтан кешірім сұрайтынын жеткізді. “Менің бұл іске қатысым жоқ. Мұны біздің қоғамға және, ең маңыздысы, Қазақстан президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізгім келеді. Осындай кәсіби деңгейге жетуім – сол кісінің арқасы. Президенттің алдында кінәлі екенімді сезінемін. Сенім артып, жұмысқа шақырған азаматтар мені жарға жықты. Мен сол үшін жауап беремін. Олар мені және сенімімді пайдаланды. Сол үшін мен Елбасынан, халықтан кешірім сұраймын. Осы жағдайға қарамастан мен әрқашан президентке берілген азамат боламын”, - деді экс-министр сот залында. Айта кетейік, 31 қазан күні Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев және аталған іске қатысы бар деп күдікке ілінген 22 азаматқа қатысты алдын ала сот тергеуі басталды. Бұрынғы министрге Қылмыстық кодекстің “Пара алу” - 366-бабы, 4-тармағына, сондай-ақ “Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу” - 189-баптың 4-бөлімі, 2-тармағына сәйкес айып тағылып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ақтөбе” футбол клубының бұрынғы бас директоры бостандыққа шықты
  • “ Ақтөбе” футбол клубының бұрынғы бас директоры сотталды
  • Мейіржан Өндіргенов : Мен қылмыскер емеспін
  • "Нұр Отанда" Ермегияевті партиядан шығару мәселесі қаралып жатыр
  • Украина телекомпаниясы Назарбаевтың фотосын бұрмалап бергендері үшін кешірім сұрады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге