Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованы сотқа беретінін айтты

    Елімізге белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева мен атышулы продюсер Баян Алагөзованың арасындағы дау әлі жалғасуда. Меруерт өзіне тіл тигізіп, жала жапқан Баян мен Бағым Мұхитденоваларды сотқа беретінін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды “Nur.kz” порталы.

    “Мен Баян мен Бағымның тіл тигізгеніне ұзақ шыдадым. Енді маған қоқан-лоққы көрсетіп, қыр соңымнан қалмай жатыр. Сол себепті мен соттан көмек сұрауға мәжбүрмін”,- деп жазды әнші. “Достар, біз зайырлы мемлекетте тұрамыз! Мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ретінде және миллиондардың қатарында өзімнің жеке пікірімді айттым. Менің оны білдіруге құқым бар. Жауап ретінде әпкелі-сіңілілер маған тіл тигізді, менің беделіме нұқсан келтіріп, жала жапты. Кешегі күннен бастап қоқан-лоққылар түсуде. Мен ұзақ уақыт шыдадым. Енді құқық қорғау ұйымдарына жүгінуге мәжбүрмін. Ескертемін! Барлық қоңыраулар, пікірлер жазылады. Сотта кездесеміз!”, - деген Меруерт Түсіпбаева. Еске салсақ, қос жұлдыздың арасындағы дау Баян Алагөзованың продюсерлігімен түсірілген “Қозы Көрпеш- Баян Сұлу” телесериалының Ұлттық арна эфирінен алынып тасталуынан басталды. Түсіпбаева Баянның салықтан түсірген сериалдың ақшасын қайтаруын талап етті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Мен барлық әйелді қорғаймын!»
  • Баян Есентаева Ақтөбеге келе жатыр
  • Баян Есентаеваның түрмедегі күйеуіне қарындасы хат жазды
  • “Менің балам бақа ма?”
  • Ақтөбелік оқытушы бұрынғы әріптестерімен соттаспақ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге