Қазақстандықтар биылғы Президент жолдауынан не күтеді?

    Қазақстанда ұстаздардың жалақысы 50 пайызға дейін өседі. Зейнетақы көбейеді. Ал 1 шілдеден бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі. Бұл жөнінде Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауында айтылды.

    Мемлекет басшысы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері”атты Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады.Елбасы онда қазақстандықтар үшін маңызды бірқатар мәселелерге кеңінен тоқталды.

    Назарбаев тұрғын үйдің шаршы метрін көбейтуді ұсынды
    Қазақстанда бүгінде әр адамға шаққандағы тұрғын үй мөлшері 21,6 шаршы метрді құрайды. Елбасы бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек деп есептейді.
    - Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты.Тұрғын үйді көпшілікке қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде. Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрады.Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек,-дейді Елбасы өз жолдауында.
    Президенттің пікірінше, бұл үшін ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажет.Заңнамаға, соның ішінде табиғи монополиялар саласын реттейтін заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қажет.Ал әкімдер тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде белсенді шешуі керек.Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев ауылдық елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге бөлуі керектігін атап өтті.

    Назарбаев: Терминдерді қазақшаға аудару кезіндегі “жаңалықтар” күлкіңді келтіреді
    Жыл сайынғы жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев тіл мәселесі мен латын альфавитіне қатысты өз пкірін білдірді.
    -Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде.Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған.Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді. Мысалы, «ғаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр.Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек.Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді.2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесінжасау қажет,-дейді ол.
    Оның сөзінше, орыс тілін білу маңызды болып қала береді. Ал 2019 жылы 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.

    Мұғалімдердің жалақысы 50 пайызға дейін өседі
    2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға көбейеді. Ал біліктілігі жоғары педагогтың еңбекақысы 50 пайызға дейін артады.
    -Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын.Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары.Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын.Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек.Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады.Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі,-деді ол.
    Президент өз жолдауында қазақстандық оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің арасында жоғары екендігін айтты.Оның сөзінше, бұл көрсеткіш Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп. Осыны ескерген Мемлекет басшысы оқушылардың жүктемесін төмендету керек деп есептейді.

    Назарбаев қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізуді тапсырды
    2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар қосымша мемлекеттік жәрдемақы алады.
    - 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артты.Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 процентке дейін өсті. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетін болады.Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын.Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады,-делінген Елбасы Жолдауында.

    Президент проблемалық несиелерді реттеуді ұсынды
    Мемлекет қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғауға кепілдік береді. Сондықтан жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды тездету қажет.Бұл туралы Елбасының кезекті жолдауында айтылды.

    -Банктік портфельдерді “нашар” несиеден арылту ісін аяқтау қажет. Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс. Акционерлердің аффилирленген компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуға тиіс.Ұлттық Банк мұндай істерге немқұрайлы қарамау керек.Әйтпесе, мұндай мемлекеттік органның не керегі бар?Ұлттық Банк тарапынан қаржы институттарының қызметін қадағалау қатаң, уақтылы әрі нәтижелі болуға тиіс.Сонымен қатар 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін халыққа берілген валюталық ипотекалық займдар жөніндегі мәселені Ұлттық Банкке толығымен шешуді тапсырамын,-деді ол.

    Мемлекет басшысы Еңбек Министрлігінің жұмысын сынға алды
    Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған жолдауында сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесінің маңыздылығына тоқталды. Ол берген тапсырмасын орындауда немқұрайлылық танытқан Еңбек және халықты әлеумет тік министрлігін сынға алды.
    - Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмын.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл іске жауапсыздық танытып, атүсті қарап отырды.Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек. “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық.Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасыаясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет,-дейді ол.

    Оның айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет.Қазақстандықтардың жаңа жұмыс орнын салыстырмалы түрде тезірек иеленуге, соның ішінде еліміздің басқа да елді мекендерінен жұмыс табуға мүмкіндігі болуға тиіс.Бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу қажет. Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталуға тиіс.Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ кәсіби бағдарлы тест тапсырып, оқу курстары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы біліп, өзін қызықтыратын жұмыс таба алатын болады.Еңбек кітапшаларын да электрондық форматқа көшірген жөн.

    Мемлекет басшысы электрондық еңбек биржасы туралы заңды 2018 жылғы 1 сәуірге дейін қабылдау қажеттігін ескертті.
    -Қазір зейнетақы жүйесі толықтай еңбек өтіліне байланыстырылған.Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады.Осыған орай, барша қазақстандықтар өздерінің атқаратын жұмыстарын заңдастыруға зор мән беруі керек.Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде де еңбек өтілі мен өтемақы мөлшері арасындағы өзара байланыс күшейтілетін болады.Біз 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібіне көштік.Оның шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 процентінен 50 процентіне дейін көтерілді.Еңбекке қабілетті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмек олар жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана қолжетімді болады.Еңбекке қабілетсіз азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары күшейтіледі,-деді президент.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды
  • Жаңа жылдан бастап зейнет туралы заңға өзгеріс енгізілмек
  • Ақтөбеліктер жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алады
  • Зейнетақы өседі
  • Жаңа жылдан бастап жалақы, әлеуметтік жәрдемақы мен шәкіртақы 30 пайызға өседі - Назарбаев
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге