Қарағандылық 13 жастағы қыз желідегі жаңа суицидтік ойынның кесірінен өзіне қол жұмсаған

    Жасөспірімнің туыстары: Настя желідегі жаңа суицидтік ойынның кесірінен өзіне қол жұмсаған дейді. Әлде біреулер қызға мойныңа арқан салып асыл деген нұсқау берген. Ал, бұл жай ғана жасөспірім қыздың ойыны болған. Оны туыстары қыздың телефонындағы хат-хабарын оқыған кезде көз жеткізген.

    Бұл туралы 31 арна хабарлайды. Настя Изотованы жерлеу рәсімі кеше өтті. Жасөспірімнің суретін желіге шығаруға қыздың туыстары рұқсат берген. Олар бұл сурет қыздарының өліміне кінәлі адамды табуға көмектеседі деп сенеді. Сондай-ақ, осы жағдайдың басқа отбасында қайталанбауына көмегін тигізеді дейді. Жетінші сынып оқушысы Настя мәнерлеп сырғанау бойынша спорт шебері. Туыстарының айтуынша, жасөспірім өзіне сенімді, батыл және жігерлі болған. Мектеп мұғалімдері де, туыстары да қыздың суицидке бейімделе бастағанын байқамаған.

    - Настяның ешкіммен қақтығысқа түскенін көрмедім. Мектеп мұғалімдерімен де, сыныптастарымен де қарым-қатынасы жақсы болған. Қыздың өзі қайырымды отбасынан шыққан. Тек соңғы уақытта қолынан телефонын тас-тамайтын болды,- дейді мектеп директоры Нұркен Ашықбаев.
    Сондай-ақ, жасөспірімнің соңғы кезде өзгере бастағанын туысы Светлана да есіне түсірді. Настя түрлі психологиялық ойындар ойнап жүргенін әпкесіне айтқан екен. Қалалық білім беру бөлімі де өздерінің тексеру жұмыстарын жүргізді. Настя телефон арқылы тек өз құрдастарымен ғана сөйлескен. Оқытушылар ата-анасының баланы тәрбиелеуге ерекше назар аударғанын мойындайды. Мұғалімдер қыздың ата-анасы ғаламторға кіруді шектемеген шығар деген ойда. Психиатрлар бұл қайғылы жағдайдың интернеттен келген қатер екеніне келіседі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде тұратын 10 оқушының аяғы ауыр
  • Зорлық көрген сәбидің анасы “алаяқ” атанды
  • Мектеп оқушысы жоғалып кетті
  • Ақтөбеде екі оқушы өзін өзі өлтірді
  • Ақтөбеде тағы бір оқушы суицид жасады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге