Имам: “Мешіттің есігі кез келген адамға ашық”

    Өскемендегі Халифа Алтай мешітіне Голливуд актерлерінің келуі әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызған еді. Осы оқиғаға байланысты мешіттің бас имамы Ермек қажы Мұқатай пікірін білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

    «Мешіттің есігі кез келген адамға ашық. Актерлердің бәрі ғимарат ішінде шариғат заңдылықтарын сақтап жүрді. Шариғаттың ешбір шарты бұзылмағанын ресми мәлімдеймін. Дініміздің абыройына араша түсіп, өз өресіне сай үн білдіріп жатқан тілеулестеріміздің барына қуандық» - дейді Ермек қажы. Сонымен қатар, Ермек Мұқатай Голливуд мамандары атсалысып жатқан жобаға мүфтияттың еш қатысы жоқ екенін атады. «Мешітке кино түсіруші топтың келетіні бізге екі күн бұрын хабарланды. Ұсыныс облыстық дін істері басқармасынан түскен болатын. Оған мүфтияттың еш қатысы жоқ. Жоба жергілікті әкімдіктің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Өңірдің рухани әлемін сипаттау үшін мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстыру керек болған екен. Сондықтан біз бұл ұсынысқа келістік» - дейді имам. Осы оқиғадан кейін қоғам арасында мешітке өзге дін ұстанушылардың, шоу-бизнес өкілдерінің, шетел азаматтарының келіп-кетуін, ғимарат аумағында фото және видео түсірілімдер жасаудың жеке ережесін бекіту керектігі айтыла бастады. Ермек қажы Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан, кез келген адамның мешітке келіп-кетуі әдеп-иба принциптерімен, мешіттің ішкі ережесімен реттелетінін айтады. «Дәл қазір мешіт аумағында суретке түсіп, видео жасауға тыйым жоқ. Мешітте өзін-өзі ұстаудың жалпыға ортақ ережесі ілініп тұр. Соны сақтаса жетіп жатыр. Голливуд актерлері де сол ережемен жүріп-тұрды. Дегенмен діни қатынас та қоғаммен бірге дамып отыруы керек. Оған Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңға өзгерістер еніп жатқаны дәлел» - дейді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әйтеке би ауданының бұрынғы бас имамы жоғалып кетті
  • Орталық мешіттің имамы ауысты
  • Наиб мүфти: Жамағаттың имамдарға көңілі толмайды
  • Ақтөбеде 100 отбасыға көмек көрсетілді
  • Ақтөбенің бас имамы қызметінен кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге