Қазақстаннан қашып кеткен Бергей Рысқалиев Лондонда тұрады

    Қашқында жүрген Бергей Рысқалиевтің Лондонда жүргені белгілі болды. Бұл туралы қоғам белсендісі ретінде танымал болған Серікжан Есенғосұлы өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

    "Мен 90-шы жылдардың басында шағын бизнеспен айналысқан кезде батыстың бір жігітімен таныс-тым. Есімі Бергей болатын. Содан бері әрқайсымыз өз жолымызды таңдап жүрдік. Тек жақында Лондонда кездесіп қалдық. Кешеден бері жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Бергей Рысқалиевті тергеу мәселесімен Астанаға шақырып жатыр. Бергей əкім болып тағайындалуының алдында салық декларациясын жариялап, бай бизнесмен болғанын дәлелдеді. Ол иемденген зауыттар, мұнай кен орындары және дүкен желілерінің құны – 150 миллион АҚШ долларына жуық. Атырауда əкім болған кезінде мен Лондонда өмір сүрдім. Бірақ, жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол кісі жұмысын адал және тиімді атқарған. Өңірді газ және сумен қамтамасыз етіп, жаңа көпірлер салған, каланың жолдары реттеліп, аудандарға дейін жаңа жолдарды салдырған. Бүгін де атыраулықтар Бергей туралы жақсы жылы пікірде", - деп жазды ол. Оның айтуынша, бүгінде Бергей мен оның ағасының жағдайы жақсы. Ол заңды түрде саяси қашқын деген дәрежеге ие болып, бүгінде Ұлыбританияда. Ал заң бойынша, ол Астанаға барып, жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне тергеуге бара алмайды. Еске салсақ, өткен демалыс күндері Ұлттық бюро Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевті ресми түрде тергеуге Астанаға шақырған еді. Бұрынғы шенеунік ұлттық қазынадан миллиардтаған қаражатты жымқырды деп айыпталған болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Халықаралық іздеудегі Рысқалиевтердің қонақ үйі мемлекетке берілмейтін болды
  • Сот медициналық сараптама орталығының директоры парамен ұсталды
  • Ақтөбелік “Ви Ар Продукт” фирмасы мемлекетке 150 млн теңге қайтарады
  • Бергей Рысқалиевтің туыстары Ақтөбе облысынан іздестіріліп жатыр
  • Мемлекеттік қызметке штаттан тыс шетелдік менеджерлер тартылатын болады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге