Мақпал Исабекова той әншілерін сынап тастады

    "Біздің эстраданың 60 пайызы - той әншілері. Біз кейінгі ұрпаққа мынадай әндерді тыңдадық деп қалай ұялмай айтатын боламыз", - деді Мақпал Исабекова Tengrinews TV-дің «The эфир» бағдарламасында.

    Әншінің айтуынша, олар өнерді қорлап жүр. "Қазір той әншілері көбейіп кетті. Тарсылдатып билей беретін той әндері де қаптап кетті. Шыны керек, осыған қарап, ішім күйеді. Сондай әншілерді түсінбеймін. Тек ақшаны табуды ойламай, алдағы уақытты да ойлап қою керек. Дүниенің барлық ақшасын жинай алмайсың ғой. Әрі о дүниеге алып кете алмайсың. Сенің артыңнан қалатыны тек ән ғана. Соны түсінбейді, өкінішке орай көбісі", - деді әнші. Сондай-ақ Исабекованың айтуынша, ол өзінің сүйікті ісінен ақша табуды емес, өз ісін маман ретінде лайықты атқаруды ойлайды екен. "Біз тыңдармандарды тәрбиелеу керекпіз. Ән дегеніңіз 20 жылдан кейін де ұялмай көрсетуге тұрарлық болуы керек. Әртіс тек тойда секеңдеп, ақша табатын адам емес. Әншіге, әртіске даму керек. Өсу керек! Шетелге шығып, өзін жетілдіруі қажет. Түрлі халықаралық шараларға қатысқаны жөн. Тойда жұлдыз болу мәңгі емес. Сондықтан мұны бассыздық әрі жауапсыздық деп білемін. Әр әнші ән салғанда осымен не айтқысы келді, ең бірінші, соны ойлануы керек деп ойлаймын", - деп ойың білдірді Мақпал Исабекова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Дана Нұржігіт Рерихпен неге ажырасты?
  • Танымал әнші әдемі еркектерге ұятты ұсыныс жасайтынын жасырмай айтты
  • Танымал отандық әзілкештің әйелі күйеуімен көңілдес болған Мақпал Исабекованы айыптады
  • Бейбіт Оралұлы: Ән айту еріккеннің ермегіне айналды
  • Қурайлыда жол опырылып, көлік түсіп кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге