Қырғызстаннан келген улы киімдер: дәрігерлер не дейді?

    Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті мамандарының болжамдарына сәйкес, формальдегиді бар балалардың киімі Қырғызстанның ірі фабрикаларында емес, бейберекет жағдайда жұмыс істейтін жерлерде тігілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Қарағандының санитар дәрігерлерінің мәліметі бойынша, анықталған жайт бірен-саран, сондықтан ол халық арасында дүрбелең туғызбауы керек. "Біз өнімнің 62 сынамасын алдық, олар балалар мен жасөспірімдерге арналған. 40 сынамадан сәйкессіздік анықталды. Сонымен қатар, Қырғызстан Респуб-ликасы өндірген балалар киімдерінің барлық санының 17 сынамасынан ғана формальдегидтің артық мөлшерде болғаны анықталды, бұл дым тартқыштық пен материалды пайдалану бойынша сәйкессіздікті білдіреді. Бірақ асыра сілтеп, дүрбелең туғызудың қажеті жоқ! Біз Қырғызстаннан келген киімдердің барлығында у бар дегенді растамаймыз! Біріншіден, формальдегид - уландыратын зат. Екіншіден, біз киімдер Қырғызстанның ірі фабрикаларында тігілген деп мәлімдей алмаймыз. Иә, оларда "Қырғызстанда жасалған" деген этикетка болды, бірақ, олар бейберекет жағдайда жұмыс істейтін жерлерде тігілуі мүмкін. Сондықтан асығыс тұжырым жасай алмаймыз", - деп хабарлады қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының орынбасары Юрий Залыгин. Сонымен қатар, оның сөзіне қарағанда, құрамында формальдегиді көп киімдердің, оның ішінде балаларға арналған киімдердің көпшілігі Алматы мен Бішкектің көтермелеп сататын базарларынан өздігінше жеткізілгені анықталды. "Бұл заң бұзушылықтардың барлығы өткен жылы анықталды! Осыдан кейін департамент жоспардан тыс 65 тек-серу жүргізді. Тексеру нәтижесінде 39 ұйғарым беріліп, жалпы сомасы екі миллион 800 мың теңге болатын 25 айыппұл салынды. БАҚ-та 200 миллион теңге айыппұл деген цифрдың қайдан шыққаны - біз үшін жұмбақ!", - деді Залыгин. Еске сала кетейік, Қырғызстаннан жеткізілген күртелер, жейделер мен белдемшелер, тіпті жаңа туған нәрестелерге арналған ит көйлектерден де қауіпті газ - формальдегид анықталған болатын. Кейін Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Талантбек Батыралиев Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің балалар киімінен у табылды деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. "Мұның Қырғызстаннан екені бойынша ресми сауалхатты алысымен нақты шараларды қолға аламын. Назарсыз қалдырмаймын. Қызметтік тергеу жүргіземін, тіпті прокуратураға жолдаймын, дәлелденсе, әрине. Бірінші ол Қырғызстанда жасалды ма, әлде біздің ел арқылы шетелден жеткізілді ме, соны анықтау керек", - деді министр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ресейден келетін сүттер талапқа сай емес
  • Ақтөбеде 2500 бала діни сеніміне байланысты екпеден бас тартқан
  • “Қырғызстанның кей ауылдары Қазақстаннан жақсы тұрады”
  • Қару сататын дүкендерге айыппұл салынды
  • Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына айыппұл салынды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге