Олжас Сүлейменовтің немересі қайтыс болды

    22 маусымда Астанадағы Мәңгілік Ел – Керей Жәнібек хандар даңғылында болған жол-көлік оқиғасынан 22 жастағы мотоциклші қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

    Марқұмның Олжас Сүлейменовтің Ескендір есімді немересі екені анықталды. Ескендірдің туыстары апаттың куәгерлерін іздеп жатыр. Астана қаласының ІІД жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі биыл отау құрмақ болған. Айтқызбай келген ажал тосыннан алып кеткен Ескендір Сүлейменов жайлы оның қалыңдығы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ескендір өзі опат болған мотоциклді қоярда-қоймай жүріп алыпты. Тіпті сүйіктісінің қарсылық танытқанын да құлағына ілмеген.
    -Ол бір шешім қабылдаса, өз дегенінен қайтпайтын. Үйін-дегілердің де, менің де айтқаныма көнбей осы мотоциклді алды. Бірақ Ескендір өмірді жақсы көретін. Сондықтан жылдамдықты асырғанын байқамағанмын. Тіпті көлік жүргізгенде де сақтықпен айдайтын. Сол себепті, Ескендір "аз ғана ләззат үшін өмірін қатерге тікті" деген сөзге сенбеймін, - деген Алуа Бекқожа сүйіктісінің өмірде жоқ екеніне сене алмай жүргенін айтты. Ескендір Сүлейменов осыдан екі ай бұрын Алуаға сезімін білдіріп, үйленуге ұсыныс та жасаған екен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жол апатынан Өзбекстан азаматтары қайтыс болды
  • Жол-көлік оқиғасынан 76 адам қаза тапты
  • Полиция жол апатына кінәлі жүргізушіні іздейді
  • Көлік қағып қайтыс болған адам анықталды
  • 80 жастағы әже Facebook жұлдызына айналды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге