Алматылық қыз ҰБТ-дан 140 ұпай жинап, рекорд орнатты

    Алматылық түлек Шиара Құдайбергенқызы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 ұпай жинады деп хабарлайды NUR.KZ.

    Ол 25 маусым күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінің пунктінде тапсырып, мүмкін болған ұпайдың ең жоғарысын жинады. Шиара - Алматы қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының түлегі. Белгілі болғандай, алматылық түлек "Арай тест" білім беру орталығында дайындалған. Бір қызығы, бірде-бір сұрақтан мүлт кетпеген қыз "Алтын белгі" иегері емес екен. Шиара Құдайбергенованың айтуынша, ол ең жоғарғы балға үш жыл бойғы тыңғылықты дайындығының арқасында қол жеткізген.
    -Бұл еңбектің жемісі деп білемін. Қанша жыл еңбек, ата-анамның үмітін ақтадым, ұстаздарымның үмітін ақтадым, мектебімнің абыройын көтердім, - дейді мектеп бітіруші түлек.
    География мен математика пәндерін ерекше сүйіп оқитын қыз оқушыларға өз кеңесін де айтып өтті.
    -Келесі жылы тапсыратын түлектерге айтарым, тестті ғана жаттамай, кітаппен де жұмыс істегендері дұрысырақ болады, - дейді Шиара.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жас түлектерді Бердібек Сапарбаев қабылдады
  • Бүгін “Жас түлек – 2016” салтанаты өтеді
  • Бізде 153 “Алтын белгі” бар!
  • Білім басқармасы: Үш түлек 124 ұпай жинады
  • Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге