Жезқазғанда мектеп бітіруші түлектің мәйіті табылды

    Қарағанды облысы Жезқазған қаласында 11 сынып бітірушісінің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім мектеп бітіру кешінен кейін қаза болған деп xабарлайды Baq.kz

    18 жастағы мектеп түлегінің мәйіті қала көшелерінің бірінен табылған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы қала тұрғыны ұсталған.
    -2018 жылдың 16- маусымы күні Жезқазған қаласының полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінен мәйіт тапқан. Қаза болған адамның кім екені анықталды. Бұл 2000 жылы туылған Жезқазған қаласының азаматы. Қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы күдікті ұсталды. Ол жанжал кезінде 18 жастағы жігіттің денесіне пышақ салғанын мойындады, - дейді Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров. Ішкі істер департаментінің мәліметінше , қазіргі уақытта күдікті «үйқамақта». Одан ешқайда кетпеу жайлы қолxат алынған. Қылмыстық Кодекстің 99 бабы, 1 тармағына сай, яғни «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде такси жүргізушісін өлтірген екі күдікті ұсталды
  • Бейіттің үстіне жерленген белгісіз әйелдің мәйіті табылды
  • Жасанды су тоғанынан ер адамның мәйіті табылды
  • Кісі өліміне күдікті ақтөбелік азамат Шымкентте ұсталды
  • Аңшылардың мәйіті 16 күннен кейін табылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге