Теннисші Дмитрий Попко Испаниядағы жарыстың чемпионы атанды

Қазақстандық Дмитрий Попко жұптық сында Малага (Испания) челленджер турнирінің чемпионы атанды

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші түркиялық Алтуг Челикбилекпен бірге жүлде қоры 45 мың АҚШ долларынан асатын доданың финалында Израиль өкілі Даниэль Чукерман - эквадорлық Эмилио Гомеспен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-түркиялық жұп үш сетке созылған матчта 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Бұл - Дмитрий Попконың жұптық сында челленджер жарыстарындағы алғашқы титулы. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

 

Спорт
11:30, 07 июль 2022
814
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив