Прокурорлар Ақтөбеде газ тарифінің негізсіз көтерілгенін анықтады

Ақтөбеде ірі монополист, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиалы газ тарифтерін негізсіз көтерді. Прокурорлық тексеру барысында құқықбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 

  • Тексеру барысында 2020-2021 жылдары монополист амортизациялық аударымдарға 1 млрд. теңгеден астам соманы негізсіз қосқаны анықталды. Бұл тауарлық газ тарифінің негізсіз өсуіне әкелді. Біздің шаралар бойынша 246 мың тұтынушы, оның ішінде 5 мыңнан астам бизнес субъектілерінің тарифі 5 311 теңгеден 4 447 теңгеге дейін немесе 19% - ға төмендетілді,-деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 63 кәсіпкерге газ коммуникацияларына қосылуға техникалық шарттар беруден заңсыз бас тартылғаны анықталған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша құқықбұзушылықтар жойылып, , "ҚазТрансГазАймақ" филиалын әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданған.

  • Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу қылмыстық қудалау да анықталды. Онда біз 3 қылмыстық істі қысқартып, 15 бизнес субъектісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеуден бас тарттық, - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдардың да құқықтарына қол сұғылған. Нқатырақ айтсақ, 34 мүмкіндігі шектеулі жан тұрақты оңалту мен  санаторий-курорттық емделусіз қалып, тағы 139 адам протездік-ортопедиялық көмек пен қосалқы құралдар алмаған.

  • Мүгедектігі бар тұлғалар салық төлеуден босатылғанына қарамастан, 86 азаматтан 1 млн. теңгеден астам сомаға төлемдер ұсталыпты. Үйде оқитын ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың 50-ден астам ата-анасы тиісті әлеуметтік жәрдемақы алмаған. Қазіргі уақытта барлық құқықбұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін қадағалау актілері енгізілді, - дейді баспасөз қызметі.
Әлеумет
11:30, 07 июль 2022
544
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив