Мемлекеттік қызметке штаттан тыс шетелдік менеджерлер тартылатын болады

    - Мемлекеттік қызметке штаттан тыс шетелдік менеджерлер тартылатын болады. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов мәлім еткен.
    «Келісімшарт бойынша бекітілген ережелерге сай, мемлекеттік қызметке штаттан тыс шетелдік менеджерлер тартылатын болады. Оларға жұмысқа алудың ерекше ережелері мен талаптары қолданылады. Мұндай тәжірибе Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қазіргі заманғы мемлекеттік басқару жүйесінде бар. Мемлекеттік орган басшылары шетелдік менеджерлер қатарынан кандидаттарды кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынатын болады», - деп атап өтті ол.
    Оның айтуынша, жалпы мемлекеттік аппараттың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіріп отыру үшін және мемлекеттік қызметке саланың нағыз мамандарын тарту мақсатында азаматтық секторлардан мамандар тартылып отырады. Олар ашық байқау арқылы өте алады. Олардың тәжірибесі назарға алынады. Кейін Мемлекеттік қызмет академиясында білімдерін жетілдіру үшін оқытылады»,-дейді С.Ахметжанов.
    Ал бұл салаға бірінші рет жұмысқа тұрушылар үшін үш кезеңдік байқау өткізіледі.
    Еске сала кетейік, ҚР Президенті Н.Назарбаев жаһандық талаптарға жауап ретінде 5 институционалды реформаны жариялап, іске асыруды ұсынған болатын. Осы реформалардың арасындағы ең маңызды кәсіби мемлекеттік аппаратты құру және автономды мемлекеттік қызметті жетілдіру міндеттері жүктелген болатын. Осы мақсатта Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жаңа реформаны іске асыруды бастап кеткен болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мемлекеттік қызметшілердің қатары толықты
  • "Самұрық-Қазына" мен мемлекеттік қызметте пайдасыз адам көп
  • Қаржы бақылау инспекциясының басшысы пара алды деп айыпталуда
  • Ветеринарлық станция басшысы жұмыстан шығарылды
  • Қурайлының тұрғындарына екпе туралы айтылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге