"Нұр Отанда" Ермегияевті партиядан шығару мәселесі қаралып жатыр

    "Нұр Отанда" "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевті партиядан шығару мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы журналистерге партияның астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов мәлімдеді,-деп хабарлайды
    Tengrinews.kz тілшісі.

    "Бұл мәселе қазір біздің "Бірлік" филиалымызда талқыланып жатыр, ол аумақтық филиал, ол (Талғат Ермегияев - Авт.) сол жерде есепте тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінде қоғамдық кеңестің отырысы өткеннен кейін шешім қабылданады. Біз ол туралы хабар береміз ", - деді Ахметов.

    Журналистердің ұлттық компанияның ақша жымқыру ісіне қатысы бар өзге де басшыларына қатысты сұрақтарына жауап берген Ахметов "Астана ЭКСПО-2017" ҰК экс-басқарушы директоры Суламбек Баркинхоевтің партия мүшесі емесін, ал ұлттық компанияның құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновке қатысты мәселенің партияның Алматы филиалында шешілетінін айтты.

    Еске сала кетейік, 2015 жылдың 11 маусымында Талғат Ермегияев Мемлекет Басшысының Өкімімен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы қызметінен босатылды. 12 маусымда Астананың №2 Алматы аудандық соты 176 баптың, 4 бөлімінің "б" пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету") бойынша бөтеннің мүлкін пайдаланды деген күдікпен Талғат Ермегияевті екі ай мерзімге үй қамауына алу туралы шешім шығарды. 18 маусымда Астананың №2 Алматы аудандық соты Талғат Ермегияевтің мүлкіне тыйым салды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жаппай төбелес туралы дақпырт таратушы ұсталды
  • "Альянс банктің" экс басшысына айып тағылды
  • Талғат Ермегияев аса ірі көлемде қаражат жымқырған болуы мүмкін
  • Қайрат Жамалиевтің дүние-мүлкіне тыйым салынды
  • Серік Ахметовті қамау мерзімі тағы ұзарды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге