Ақтөбе облысында 46 педагог жетіспейді

Ақтөбе облысы бойынша  46 педагог  жетіспейді. Кадр тапшылығы Ақтөбе қаласы, Хромтау мен Ойыл аудандарында байқалады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасының әкімшілік жұмыстар персоналды басқару және педагог кадрлармен жұмыс бөлімінің басшысы Арсен Хасен  мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

Жаңа оқу жылында 355 педагог жұмысқа тұрған. Оның ішінде 132-сі ЖОО мен ООО түлектері. Мұғалімдер конкурстық негізде жұмысқа орналасқан.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының әкімшілік жұмыстар персоналды басқару және педагог кадрлармен жұмыс бөлімінің басшысы Арсен Хасеннің айтуынша,  сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында жыл сайын гранттар бөлініп отырады. Грант иегерлерінің басым бөлігі бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика және химия пәндерінің мұғалімдері.

-Қазіргі уақытта 2019 жылы грант бойынша оқуға түскен 23 студенттің 16-сы педагогикалық мамандықтар бойынша (2023 жылы оқуын аяқтайды) білім алуда. 2020

жылдан бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен 187 грант бөлінді,-дейді Арсен Болатұлы.

Жұмысқа қабылдау бойынша конкурс әлі де жүргізіліп жатыр. Конкурс аяқталған  соң тағы да 74 қызметкер жұмысқа қабылданады. 2022-2023 оқу жылында облыста 19 136 педагог жұмыс істейді.

 

Қоғам
17:00, 07 сентябрь 2022
737
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив