Қазақ тілін үйрететін мультфильмдер жинағы жарыққа шықты

    Ақтөбеде балаларға арналған анимациялық мультфильмдер жинағы жарыққа шықты. Мемлекеттік тілді үйретуге арналған туынды балабақшаларға тегін таратылмақ.

    Әрқайсысы 10 минутқа созылатын көп сериялы анимациялық фильмдерді облыстық тіл басқармасы жарыққа шығарған. Мемлекеттік тапсырыс аясында жасалған мультфильмге биыл 5 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Мамандар қазақ тілін оқытып-үйретуге бағытталған фильмнің пайдасы анағұрлым көп болатындығына сенімді.

    -Бүгінгі таңда Қазақстанда жүзеге асып жатқан мемлекеттік тіл саясатының ең бір проблемалық тұсы - қазақстандықтардың барлығының бірдей қазақ тілін білмеуі. Яғни, біреулері жетік білсе, енді бірі қарапайым деңгейде ғана меңгерген. Ал енді бірі мүлдем білмейді. Оның әртүрлі себебі бар. Сондықтан жергілікті органдар қазақстандықтардың тілді меңгеруіне барлық жағдай жасауы керек. Тілді меңгерудің бала кезден бастау алатындығы белгілі. Алайда, қазір балабақша жасындағы бүлдіршіндерге арналған оқулықтар тапшы және олардың басым бөлігі ақылы. Сол себепті тіл үйренуге ниет білдірген бүлдіршіндердің құлшынысын арттыру мақсатында осы жобаны жүзеге асырып отырмыз. Соңғы екі жылда 4 мультфильм түсірілді. Оның екеуі биыл ғана көрерменге жол тартып отыр. Онда Отан, Қазақстан, отбасылық тәлім-тәрбие мен әдептілік тақырыптары негізге алынған,-дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева.

    Тілдер күнінің қарсаңынды “Достық” үйінде көпшілікке таныстырылған мультфильмді тамашалауға кішкентай бүлдіршіндермен қатар ата-аналар, педагогтар жиналды. Көрермендердің арасында
    №26 мектептің мұғалімі Айна Смағұлова да бар.
    -Мен директордың бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеймін. Сол себепті бұл мультфильмді міндетті түрде мектеп жанындағы шағын орталықта тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге көрсетемін. Өз балаларыма да көрсетуді ойлап отырмын. Өйткені, мультфильмнің тілі жеңіл, ойнақы. Сюжет пен кейіпкерлер мектеп жасына дейінгі балалар жаңа сөздерді тез игеріп кететіндей етіп таңдалған. Үлкеннің кішіге деген құрметін, қазақы қонақжайлылықты аңғаруға болады,-дейді ол.

    Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту үшін бұдан өзге жобаларды да жүзеге асыруда. Үш тілде ертегілер жинағы жарық көрді. Былтырдан бері бастауыш сынып оқушыларына арналған “Күншуақ” журналы жарыққа шығып келеді. Онда танымдық материалдармен қоса балалардың жеке шығармашылығына да мән беріледі.Тіл жанашырлары келер жылы бұл журналды үш тілде шығарып, бірнеше мультфилм түсірмек. Жобаны жүзеге асыру үшін ата-аналар мен ұстаздардан тың идея күтеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫМЕН ҚҰРДАС ЕСКЕРТКІШ
  • Мектеп формасы – 2015
  • Биыл бастауыштағыларға тегін оқулық берілетін болады
  • Тілдерді дамыту орталығының тағдыры қыл үстінде
  • “Жаз жайнатып, күн күлдіріп...”
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге