Рахманға дауыс берейік!

    Рахманға дауыс берейік!

    Ақтөбелік Рахман Сәтиев республикалық Bala Turkvizyon байқауына аттанды. Ән байқауында жерлесіміз Павел Ли мен Нұрболат Абдуллин жазған “Мен бақытты баламын” әнін орындамақ. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне әнші баланың анасы Әсел Сәкиева айтты.

    Тәлімгерлері екі апта бойы дайындаған Рахман 14 қыркүйек күні Астанаға жол тартты. Әнші баланың жанында анасы да бар.
    Рахманның анасы Әсел Сәкиеваның айтуынша, кесте
    бойынша әзірлік жұмыстары басталып кеткен. Байқауға республиканың 14 облысынан 20 бала жиналған. Жерлесіміз іріктеу кезеңінде Павел Лидің әніне жазылған, Нұрболат Абдуллиннің “Мен бақытты баламын” әнін орындайды.
    - 19-20 қыркүйек күндері іріктеу кезеңі болады. Алғашқы күні 20 баланың сегізі, ал соңғы күні біреуі ғана қалады. Жеңімпаз Туркияда өтетін халықаралық байқауға жолдама алады. Рахманды халықаралық сайыстан көргілеріңіз келсе, дауыс берулеріңізді сұраймыз. Дауыс беру sms арқылы жүргізіледі,-дейді Әсел Сәкиева.
    Рахман Сәкиев “Ақжар-2” елдімекенінің тұрғыны. №45 мектептің 7 сынып оқушысы.
    12 жастағы дарынды бала облыстық іріктеудің жеңімпазы атанған болатын. Рахманның Ақтөбедегі музыка мектебінің вокал сыныбына барғанына бір ғана жыл болған. Сөйте тұра ол бірнеше рет қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың Гран-При иегері атанып үлгерді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Bala Turkvizyon” байқауына қатысатын ақтөбелік анықталды
  • “BALA Turkvizyon–2015” байқауына әнші балалар іріктеледі
  • Димаш – “Славянский базар-2015” конкурсының Гран-при иегері
  • Димаш Құдайбергенов "Славян базары" байқауына қатысады
  • “Жұлдызай” фестивалі өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге