Теміржолшылардың құқығы бұзылды

    Теміржолшылардың  құқығы бұзылды

    Теміржолда жұмысшылардың құқығы аяқасты болып жатыр. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне Қандыағаш көлік прокуратурасы хабарлайды. Тоғыз теміржол мекемесін тексерген прокурорлар олардың барлығында жұмысшыларға берілетін сабынның екі есе азайып кеткенін аңғарған. Теміржолшыларды май қолдарын жуатын сабыннан қаққаны аздай, тоғыз мекеменің басшылары жұмысшыларына арнайы киім де бермей қойған.

    Көлік прокуратурасы жұмыс бабымен жүріп, қаза болған Никельтау жол дистанциясының маманына материалдық көмектің толық берілмегендігін де анықтады. Ал, Ақтөбе жол бөлімшесінде 9 жұмыс орны бос бола тұра жұмыспен қамту бөліміне хабар айтылмаған.

    Қандыағаш жол дистанциясында, Шалқардағы ШЧ-да және Қандыағаш станциясында автоматтық өрт қауіпсіздігі сигнализациясы мүлдем жұмыс істемей тұр. Қыл аяғы қолдарын жуатын сабыны жоқ теміржолшылар асты лас бөлмеде ішкен.

    Тексерулер нәтижесінде Қандыағаш көлік прокуратурасы 80 жауапты тұлғаны тәртіптік жазаға тартты. Оның 38-іне әкімшілік шара қолданылған. Сабын беру мәселесі толықтай шешілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шалқардағы депо бастығы сотталды
  • Алаяқ теміржолшылар ұсталды
  • Маңдайалды спортшылар марапатталды
  • Екі мың кәсіпкердің құқығы бұзылды
  • Қалада дәрігерлер жетіспейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге