Жедел жәрдем жүргізушілері шу шығарды

    Жедел жәрдем  жүргізушілері шу шығарды
    Ақтөбедегі жедел жәрдем қызметінің көлік жүргізушілері жалақыларын өсіруді талап етуде. Мекеме басшысы жалақы мәселесін қайта қарауға уәде етті. Ұжым мүшелерінен құрылған келісім комиссиясы алдағы 1-2 айдың ішінде ортақ шешімге келмек. Бірақ қандай шешім қабылданатыны белгісіз. Бұл жөнінде жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері Төлеу Сапаров мәлімдеді.
    Бұрын жедел жәрдем қызметінің жүргізушілері 1 күн жұмыс жасап, 3 күн демалатын. Ал қазір күндіз тоғыз сағат еңбек етсе, түнде 15 сағат кезекшілікке шығады. Бұл өзгеріс олардың жалақысына да әсер еткен. Бұрынғы жұмыс кестесімен оларға 90 мың теңгедей жалақы төленсе, қазір 60 мың теңге алып жүр. Қосымша жұмыс сағаты үшін берілетін ақшалары қысқарған жүргізушілер 6 сәуір күні өз наразылықтарын білдірген болатын.
    - Еңбек кодексіне сәйкес, жүргізушілердің жүктемесі айына 36 сағаттан аспауы керек. Ал бізде 70-80 сағатқа жетіп отыр. Тәулік бойы рөлде отыру денсаулыққа зиян. Әсіресе, түнгі мезгілде қиын. Мен жүргізушілердің бос уақытында қосымша жұмыспен айналысқысы келетінін түсінемін. 60 мың жалақымен бала-шағаны асырау қиын. Алайда заңды да бұзуға болмайды,-дейді бас дәрігер Төлеу Сапаров.

    Қазір Ақтөбеде тұратын 420 мыңға жуық тұрғынға бар болғаны 32 бригада жедел медициналық көмек көрсетеді. Алайда, бұл тым аз. Жалпы ережеге сәйкес, әрбір 10 мың адамға 1 бригададан келуі тиіс. Қаланың 4 бөлігіне жедел жәрдем бекеті салынуы керек. Бекеттер салынатын жер учаскелері дайын. Бірақ, құрылысқа қажетті 2 млрд теңге әзірге бөлінбей отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Каннибал Жұмағалиев қанын ішкен қыз
  • “Zello” жүргізушілердің ынтымағын арттырды
  • Жылу маусымы 2 аптадан соң аяқталады
  • Тәжірибесіз дәрігерлерге жұмыс бар
  • ХҚКО мобильді тобы Көктауға барды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге