Ақтөбеде жылу қымбаттайды

    Ақтөбеде жылу қымбаттайды

    Ақтөбеде жаңа жылдан бастап жылу бағасы 61 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне “Трансэнерго” АҚ бас инженері Олжас Мектепбаев хабарлады.

    Бүгін “Трансэнерго” АҚ ғимаратында жария тыңдау өтті. Мекеменің бас инженері Олжас Мектепбаев тыңдауда үш айдан кейін жылу бағасының қымбаттайтынын айтты.

    Олжас Мектепбаевтың сөзіне қарағанда, тариф жаңа жылдан бастап 61 пайызға қымбаттауы мүмкін. Алайда, әзір нақты қанша болатыны белгісіз. Кәсіпорын өз ұсынысын ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жолдаған.

    - “Ақтөбе Жылу Электр Орталығы” 1 шілдеден бастап тарифті қымбаттатуға ұсыныс тастады. Біз жылудың 93 пайызын осы мекемеден алып отырмыз. Ал қалған жеті пайызы ғана өзімізге тиесілі. Әрине,бұл әзірге жоба ғана. Бірақ қалай болғанда да жылу бағасы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қымбаттайды,-дейді бас инженер Олжас Мектепбаев.

    Тарифті көтерудің негізгі себептерін санамалай келе Олжас Мектепбаев “Трансэнерго” АҚ жұмысшыларының орташа жалақысы 60 мыңнан аспайтынын да айтып өтті. Одан бөлек кәсіпорынның шығыны көбейіп, су, электр энергиясы, отын бағасы қымбаттап кеткен.

    Жылу бағасы үйдің алаңына байланысты есептеледі.Осыған дейін тұрғындар 1 Гкал үшін 2398 теңге, ал кәсіпорындар 1 Гкал үшін 2831 теңге төлеп келген болатын. 2016 жылдан бастап бұған 61 пайыз қосылатын болады.

    “Трансэнерго” АҚ басшылығы ұзақ мерзімді кезеңге бекітілген тариф алдағы 5 жыл бойы өзгермейді деп уәде етіп отыр. Бұған дейін жылу бағасы осыдан екі жыл бұрын 12 пайызға қымбаттаған болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қымбатшылық қыспағы
  • “Трансэнерго” тұтынушыларға артық төленген ақыны қайтарып берді
  • Ақысыз жылу үшін бәйге жарияланды
  • Жылу беру маусымы аяқталды
  • Жылу маусымы 2 аптадан соң аяқталады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге