Мұнай компаниялары ақтөбеліктерге 26 млн теңге қарыз

    Ақтөбелік мұнай компанияларының жұмысшылар алдындағы қарызы 26 млн теңгеден асты. Бұл туралы 17 қыркүйек күні брифингте облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бауыржан Оразаев мәлімдеді.

    Мұнай компанияларынан бөлек жолаушылар тасымалымен айналысатын “Автопарк” ЖШС де өз еңбеккерлеріне жалақы бере алмай отыр. Бүгінгі күні кәсіпорынның жалақы қарызы 50 млн теңгеге жетті. Мемлекеттік еңбек инспекторының айтуынша, жұмысшыларға жалақы төлемей отырған кәсіпорынның мәселесі жуырда шешілуі мүмкін.Мекеме басшыларына “еңбекақы
    25 қыркүйекке дейін төленсін” деген талап қойылған.
    Бауыржан Оразаевтың мәліметінше, жыл басынан бері инспекцияға еңбек заңнамасының бұзылуына қатысты 310 шағым түскен. Өткен жылы мұнымен салыстырғанда 100 арыз аз жазылған. Арыз-шағымдардың 93 пайызы жалақының уақытылы төленбеуімен байланысты.

    - Бүгінгі күні “ОйлТехноГрупп” ЖШС қызметкерлеріне 15 млн 400 мың теңге берешек. “Лайнс Джамп” ЖШС бастапқы қарызы 20 млн теңге болған. Қазіргі таңда соның 2 млн теңгесі өтелген жоқ. Шағымданған 42 адамның 35-і жұмыстан шығып кетті. Ал “МұнайСервисАқтөбе” ЖШС-нің жұмысшыларға бермеген еңбекақысы 9 млн теңгеге жуық, -дейді Бауыржан Оразаев.

    Жалпы жыл басынан бері еңбек дауына қатысты 124 кәсіпкерге 10 млн теңгеге жуық айыппұл салыныпты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мұнай компаниялары ақтөбеліктерге 26 млн теңге қарыз
  • Екі жүз мұнайшы жұмыссыз қалды
  • Жалақы қарызы - 110 миллион теңге
  • Мұнайшылар қаржылық дағдарыстың зардабын тарта бастады
  • Ойылда 58 мал дәрігерінің еңбекақысы төленді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге