Бердібек САПАРБАЕВ: Дағдарысты сылтау қылмаңдар!

    Елдегі қаржылық дағдарыс пен мұнай бағасының арзандап кетуі ірі кәсіпорын басшылары үшін жақсы сылтау болды. Мұнайдың арзандауына орай жүздеген жұмысшысын қысқартып үлгерген “Ұлы қабырға” ЖШС тағы 255 адамды жұмыссыз қалдырмақ. Одан бөлек аймақта жұмысшыларына жалақы төлемей отырған кәсіпорындар да бар.
    28 қыркүйекте ірі өндіріс орындарының басшыларымен кездескен Бердібек Сапарбаев олардан дағдарысты сылтауратпауды талап етті. “Аймақта жұмыс орындары қысқармауы, жалақы уақытылы төленуі тиіс”.

    Ақтөбе облысында еңбек заңнамасы жиі бұзылады. Бұған жұмысшыларға жалақының уақытылы төленбеуі, қысқарту мен жұмыс тәртібінің өзгеруі себеп. Әсіресе әлеуметтік кикілжіңдердің туындау қаупі Байғанин, Темір мен Мұғалжар секілді мұнайлы аудандарда аса жоғары. Өйткені, бұл аудандарда еңбек дауы көп. 28 қыркүйек күнгі жиында облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова осылай деді.
    Орынбасарының есебінен соң облыс әкім Бердібек Сапарбаев жұмысшыларын қысқартып, қызметкерлеріне жалақы төлемей отырған компания басшыларын мінбеге шығарды. Жұмыстарына сын айтты.
    Жиында алғашқылардың бірі болып сөз алған “СНПС Ақтөбемұнайгаз” АҚ бас директорының бірінші орынбасары Такталифум Есенғұловқа өңір басшысы өнімнің өзіндік құнын анықтауды тапсырды. Сондай-ақ, шетелдіктер мен қазақстандық еңбеккерлердің жалақысында айырмашылық болмауын ескертті.
    - Маған қазақстандықтар мен шетелдік жұмысшылардың жалақысында айырмашылық бар екенін айтты. Еңбекақы бірдей болуы керек. Маманның ұлты емес, кәсіби білігі маңызды. Басшылар мен жұмысшылардың еңбекақысында да қатты айырмашылық болмауы керек.Бұл жұмысшылардың наразылығын тудырады. Түсінікті ме?!- деді әкім аймақтағы ең ірі кәсіпорындардың бірінің басшысына қаратып.

    Ал Ақтөбе хром қоспалары зауытының басшысы Алексей Химичтың айтуынша, қазір кәсіпорын қиын кезеңді басынан кешіп отыр. Өйткені, Қазақстан мен Ресей нарығында зауыт өнімін сатып алу көрсеткіші өте төмен. Әрі теңгенің құнсыздануы мен жоғары бәсекелестік те жұмысқа кері әсерін тигізуде. Дегенмен осындай қиындықтарға қарамастан кәсіпорын қазір жұмыс орындарын сақтап отыр деген зауыттың бас директоры өңір басшысына өндіріс көлемін былтырғыдан азайтпауға уәде етті.
    Жиында жыларман болғанына қарағанда, жүздеген жұмысшысы жаппай қысқартуға ұшыраған “Ұлы Қабырға” Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясының да жағдайы мүшкіл көрінеді. Қазір мұнда 1 865 жұмысшы бар. Оның 466-сы ақысыз еңбек демалысында , 512 адам өндіріс тоқтап қалғандықтан уақытша жұмыссыз жүр. Кәсіпорын қазан айында тағы 255 қызметкерді қысқартуға ұшыратпақ. Жұмыссыз қалатындардың 15-і ғана қытайлық азамат. Өзгесі яғни, басым бөлігі қазақстандықтар.

    Бердібек Сапарбаевты қысқартуға ұшырағалы отырған жұмысшылардың кейінгі тағдыры қызықтырды. Алайда, бұл мәселеге кәсіпорын басшылары аса бас қатырып отырмаған сыңайлы. Онысы әкімнің сауалына жауап бере алмай мүдіргенінен-ақ аңғарылды. Бас директор Чжан Цзюнның айтуынша, компания үлкен шығынға батқандықтан жұмыс орындарын босатуға мәжбүр болып отыр. Өйткені биыл бұрғылау жұмыстарының көлемі күрт азайған. Компанияның кыркүйек айындағы кірісі 8 млрд 706 миллион теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға аз.
    - Дағдарыс тек сіздерде ғана емес, барлық жерде болып жатыр.Сіз ұжымдық келісімшартқа қол қойғаныңызды білесіз бе? Алайда, оны орындамай отырсыз. Сізге бұдан бұрын да жұмысшыларды жаппай қысқартпау керектігі ескертілген. Ертең олар отбасыларын қалай асырайды ?- деген Бердібек Сапарбаев өз орынбасарларына компанияның қызметін қатаң бақылауға алуды тапсырды.

    Жиында жалақы қарызы 50 миллион теңгеге жеткен “Автопарк” ЖШС қазіргі жағдайы да сөз болды. Әкім автобустардың кесте сақтамай, бір-бірімен жарысатындығын сынады.
    -Халық автоустардың кесте сақтамайтындығына шағым айтып жатыр. Автобустарды қаңтарып, адам тасуды доғарамыз депсіңдер. Біз оған жол бермейміз! Олай жасасаңдар, заңмен жауап бересіңдер. Прокуратураға тексеруге тапсырма беремін. Бұлай халықпен ойнамаңдар! Мемлекетпен ойнағанның арты жақсы болмайды.Оның ішінде халықпен ойнамау керек,- деген Бердібек Сапарбаев жұмысшылардың жалақысы қашан төленетіндігін сұрады.
    “Автопарк” ЖШС қазіргі басшысының айтуынша, бүгінгі күні компания жұмысшыларына 32 миллион теңге берешек. Бұл қаржы таяуда жұмысшылардың карточкасына аударылатын болады.

    -Тамыз айында жалақы қарызы 50 миллион теңгені құрады. Ал кәсіпорынның үш айдағы кірісі небәрі 110 миллион болып отыр. Ай сайынғы шығын 159 миллион теңгенің шамасында. Соған қарамастан біз қосалқы бөлшектерге қажетті қаражатты қысқартып, жұмысшылардың жалақысын төледік. Бүгінгі таңда жалақы қарызы 32 миллион теңгені құрайды. Оны да 1-2 күннің ішінде банк жұмысшылардың карточкасына аударады,-деді “Автопарктің” қазіргі басшысы.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кәсіпорын басшыларына дағдарысқа қарамастан жұмыс орындарын қысқартпауды талап етті. Әсіресе шетелдік жұмыс күшін тартатын компаниялар қатаң бақылауға алынбақ. Бұл жағдай Бердібек Сапарбаевтың жеке бақылауында болады. Әкім ірі кәсіпорындарда жылына екі рет болатын ұжымдық келісімшарттың орындалуы туралы есеп беру жиынына қатысуға да дайын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласымен танысты
  • Мұнай компаниялары ақтөбеліктерге 26 млн теңге қарыз
  • Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды
  • Екі жүз мұнайшы жұмыссыз қалды
  • Жалақы қарызы - 110 миллион теңге
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге