Облыста сұйытылған мұнай газының бағасы төмендеді. Сәуір айынан бастап электр энергиясы да арзандайды. Бұл жөнінде “Керек. infoға” табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы Нұрлан Айтпаев хабарлады.
Сұйытылған газ 7 наурыздан бері бұрынғы тарифінен әлдеқайда арзанға сатылып жатыр. Мәселен, “АС Газ Логистик” ЖШС сұйытылған газдың құнын көтерме саудада 46 теңгеден 16 теңгеге арзандатқан. Ал газды баллонға құйып әкету 50 пайызға арзандады. Қазір оның бір литрі 36 теңгеден бағалануда. Автокөлікке құйылатын газдың бір литрі -24 теңге 51 тиын. Сәуір айынан бастап Ақтөбе облысында электр қуатының бағасы да арзандайды. Тұрғындар жарық үшін қазіргі бағасынан 12 тиынға аз төлем жасамақ.