Күнбағыс майы мен жұмыртқа қымбаттады

    Күнбағыс майы мен  жұмыртқа қымбаттады

    Ақтөбеде күнбағыс майы мен жұмыртқа қымбаттады. Бұл туралы “Керек. info” тілшісіне облыстық статистика департаменті хабарлады.

    Осы аптада Ақтөбеде жұмыртқа 3 теңгеге қымбаттаса, күнбағыс майының бағасы 7 пайызға көтерілген. “Керек.info” тілшісі осыған орай қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Анар Даржановаға хабарласқан болатын.

    Анар Даржанованың айтуынша, Өскеменнен тасымалданатын “Маслозавод №1” күнбағыс майы 266 теңгеден 288 теңгеге, Алматы мен Ресейден әкелінетін “Шедевр” сұйық майы 266 теңгеден 305 теңгеге қымбаттаған. Мамандар бағаның көтерілуін тасымалдаушы шығыны өскенімен байланыстырып отыр.

    Ақтөбеде жол шығынын талап етпейтін “Рамазан” ЖШС өнімі де қымбаттағаны байқалады. Анар Даржанова “Рамазанның” жұмыртқасы 175 теңге болғанын растап отыр. Бірақ оның себебін түсіндіріп бере алмады. Кәсіпорын басшысы жол жүріп кеткендіктен тілдесу де мүмкін болмады.

    “Керек.info” тілшісі бірқатар дүкендерді аралап көрген болатын. Қаланың әр бөлігіндегі шағын дүкендерде жұмыртқа 200 теңгеден сатылып жатыр. Ал Сәтпаев көшесіндегі “Рамазан” дүкенінде 10 дана жұмыртқа 165 теңгеден. Аты-жөнін атамауды жөн көрген сатушы бағаның соңғы рет 17 қыркүйекте қымбаттағанын айтты. Содан кейін баға өзгермеген.
    ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сағындық Ерғалиев бағаға қатысты мониторинг жүргізіліп тұратынын, 13 қазаннан бері жұмыртқаның қымбаттағандығын айтты.

    - Қант пен бензин бағасы қыркүйек айында көтерілгені белгілі. Біз мұны мониторинг кезінде аңғардық. Ал 13 қазан күні жұмыртқаның да бағасы көтерілгенін көріп, оны да тексеруге кірістік. Тексеру екі айға созылады. Бағаны негізсіз көтергендерге кірістің 5-10 пайызы көлемінде айыппұл салынады,-дейді Сағындық Ерғалиев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қант бағасы немесе зейнеткердің көз жасы
  • Қымбатшылық қыспағы
  • Қант тағы да қымбаттады
  • Ақтөбеде халық тұтынатын өнімдер қымбаттап жатыр
  • Нан қымбаттады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге