Балықшы бір аптадан бері табылмай жатыр

    Балықшы бір аптадан бері табылмай жатыр

    Ақтөбелік құтқарушылар бір аптадан бері 45 жастағы балықшыны таба алмай жатыр. Екі баланың әкесі балық аулауға барып, түн ортасында жағалауда жоғалып кеткен. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне жергілікті полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

    Ақтөбе қаласының тұрғыны Өтеген Жұманбетов үйінен 14 қазан күні шығып кеткен. Балық ауламақ болған азамат жанына досын ерте кетеді. Содан бері бір аптадан астам уақыт өтті. Құтқарушылар жағалаудан жоғалған балықшыны әлі таба алмай жатыр.
    Оқиға Алға ауданы Есет батыр ауылынан 3 шақырым жердегі Шолақ өзенінің бойында болған. Ақтөбеден шыққан екеу Шолақтың жағалауына аялдайды. Жағалауға шатыр құрып, өзенге қармақ салған. Қас қарая шағын шатырға Өтегеннің досы, ал көлікке өзі түнемек болады. Балықшыны серігі содан қайтып көрмепті.

    - Шатырға қонған жігіт түн ортасында автокөліктің есігі ашылғанын естиді. Бірақ шылым шегуге шыққан болар деген оймен алаңсыз жата берген. Содан әлі іздеп жатырмыз. Өзі де, қайығы да жоқ,-дейді балықшының қарындасы Райгүл Қалиқызы.

    Өтеген Жұманбетовтің ұшты-күйлі жоғалып кеткендігі жайлы хабар полицияға ертеңіне сағат 18:20 шамасында түскен. Полицияның хабарлауынша, адам жоғалу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
    Полиция мен құтқарушылар төрт тәуліктен бері іздеп жатқан азамат 1970 жылы туған. Екі баланың әкесі. Отбасы Ақтөбе қаласында тұрады. Жағалаудан жоғалған балықшыны іздеуге Елек ауылының тұрғындары мен туыстары да жұмылды. Бірақ әзірге ешқандай хабар жоқ.
    Райгүл ағасы жоғалғаннан бері ағайын-туыстың бәрі Елек өзенін жағалап жүргенін айтады. Сол маңайдағы балықшылардан да сұраған. Алайда, балықшыны да, қайықты да ешкім көрмепті. Туыстары Өтегеннің тірі екендігінен күдер үзгілері келмейді.

    Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға облысымызда сәуір айында да болған еді. Ақтөбелік екі тұрғын Аралтоғайға аң аулауға барып, іс түссіз жоғалып кетті. Құтқарушылар оларды екі жұма бойы іздеді. Ағайынды екі жігіттің мәйіті
    16 күннен кейін Ырғыз өзенінің бойынан табылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Балықшы төрт күннен бері табылмай жатыр
  • Жоғалған бала: Мектепке барғым келмейді
  • Мектеп оқушысы жоғалып кетті
  • Аңшылардың мәйіті 16 күннен кейін табылды
  • Аңшылар 2 аптадан бері табылмай жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге