Үш кәсіпкер пара бергені үшін сотталуы мүмкін

    Ақтөбеде жүк тасымалдаушылар Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлеріне пара берген. Олар кедергісіз өткен әрбір ауыр жүк көлігі үшін мемлекеттік қызметкерлерге 30 мың теңге ұсыныпты.

    № 2 қалалық сот пара берушілер мен пара алушыларға қатысты қылмыстық істі қарай бастады. Айыптаушылар орындығында
    5 адам отыр. Олардың екеуі – көліктік бақылау инспекциясының бас маманы. Ал қалған үшеуі - жүк тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер.

    Прокурор Нұрлан Сандыбайдың айтуынша, 2015 жылдың мамырында жүк тасымалымен айналысатын ақтөбелік әкімшілік жауапкершілік-ке тартылады. Ол ауыр салмақты жүкті тасымалдағаны үшін 200 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс еді. Жазасын жеңілдетпек болған ол көліктік бақылау инспекциясының бас маманына жолығады. 29 жастағы жігіт оған жүк тасымалдаушылармен арада делдал болуды ұсынған. Тиісінше қызметі үшін жүк көлігін кедергісіз өткізуге және параның

    10 пайызын беруге уәде етеді. Қайтара жазалаудан қорыққан ақтөбелік келісімін береді.
    Пара алу белгілі бір жүйемен жүзеге асқан. Жүк тасымалымен айналысатын кәсіпкерлердің көлік нөмірлері ұялы телефонға жіберілген. Ал көліктік бақылау инспекторы оларды өз ауысымында бекеттен еш кедергісіз өткізіп отырған. Кейін делдал арқылы әр көліктен 30 мың теңге сыйақы алыпты. Оңай олжа тапқысы келген ол бұл қылмысқа 31 жастағы әріптесін де тартқан. Осындай әдіспен олар үш бірдей ақтөбелік кәсіпкерден бірнеше рет пара алыпты.

    Алайда, делдал биыл 19 маусымда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жазбаша шағым түсіреді. Ал 14 шілде күні мемлекеттік қызметкерлер пара алу кезінде қолға түскен.

    Көліктік бақылау инспекциясының екі қызметкері оқиғадан кейін бір ай өткен соң жұмысқа келмегені үшін қызметтен қуылған. Әзірге сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін айыпталғандардың біреуі ғана өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Ал “қылмысты ұйымдастырушы” делінген 29 жастағы көліктік бақылау инспекторы қылмысқа қатысы жоқтығын айтып, ат-тонын ала қашуда. Сот процесі жалғасып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Пара алған жол инспекторы айыппұлмен құтылды
  • Тергеуші пара алғаны үшін айыпталуда
  • Пара алған жол сақшысына 2,5 млн теңге айыппұл салынды
  • Қаржылық бақылау инспекциясының басшыларына үкім шықты
  • Қаржы бақылау инспекциясының басшысы пара алды деп айыпталуда
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге