Ақтөбеде жүкті әйелге бір мезетте екі бірдей ота жасалды

    Ақтөбелік дәрігерлер миына қан құйылған жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды. Оның мерзімінен ерте туған сәбиі Айлин де аман-есен.

    Темірлік Гүлзада Ақбалина жүктіліктің сегізінші айында аяқ астынан инсульт алады. 26 жастағы келіншек содан бірер күн бұрын жиенінің үйлену тойында қызмет көрсеткен екен. Тойдан келген түні Гүлзада басы қатты ауырып, есінен танып қалғанын айтады. Туыстары жедел жәрдем қызметін шақырады. Алайда, аудандық аурухана дәрігерлері аурудың нақты себебін анықтай алмаған. Жағдай ушыққандықтан, Гүлзада санавиациямен Ақтөбеге жеткізілді.

    - Дәрігерлерді жинап, шұғыл жиналыс өткіздік. Миына қан құйылып кеткен екен. Жағдайы өте ауыр еді. Әйелден де, құрсақтағы шаранадан да айрылып қалуымыз мүмкін еді. Гинеколог Владимир Абраменко 10 минуттың ішінде кесарь тілігін жасап, әйелді босандырып алды. Қыз бала. Салмағы 2 келі 750 грамм. Сол бойда Гүлзаданың басына да ота жасадық,-дейді Ақтөбе облыстық ауруханасының бас дәрігері Самат Данияров.

    Басына ота жасалғаны Гүлзаданың есінде жоқ. Өйткені,ол бір тәуліктей ес-түссіз жатыпты. Кейін бір аптаға жуық уақыт жансақтау бөлімінде болған. Қазір неврология бөлімінде ем қабылдап жатыр.
    - Темір ауданына қарасты Жамбыл ауылында тұратын жиенімнің үйлену тойына барғанбыз. Үйге келгеннен кейін басым қатты ауырып, құса бастадым. Күйеуім қалада жұмыста болатын. Бірнәрсені сезген болар, апам мен жездем де үйге ертерек қайтыпты. Солар жедел жәрдем шақырды. Бұрын да басым ауыратын. Әрі балабақшада жұмыс істеймін. Той кезінде физикалық тұрғыдан шаршағаным жоқ. Мүмкін, жүйкем шаршаған болар,-деп есіне алады Гүлзада.
    Қазір Гүлзаданың сәбиі туыстарының қарауында. Анасы оған Айлин деген есім беріп үлгерген. Жағдайы жақсарған келіншек осы жұмада үйіне шығып қалуы мүмкін. Кішкентай сәбиі мен 7 жастағы қызын көруге асығып отыр. Гүлзаданың екі бірдей өмірді аман алып қалған дәрігерлерге алғысы шексіз.

    Неврология бөлімінің меңгерушісі Дон Қожақұловтың айтуынша, бұл сирек кездесетін жағдай. Алайда, науқас күтінбесе, ауру қайталануы да мүмкін.
    Бұл Ақтөбедегі облыстық ауруханада инсульт алған жүкті әйелге жасалған кезекті сәтті ота. Биыл маусым айында дәрігерлер 28 жастағы шалқарлық келіншек пен оның сәбиін де ажалдан аман алып қалған болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбенің тұрғыны сәбиін 200 мыңға сатпақшы болған
  • Ақтөбеде 24 жастағы әйел өз үйінде босанып қалды
  • Алтыншы қабаттан құлаған сәби аман қалды
  • Велосипедші реанимацияға түсті
  • Алып бала ауырып қалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге