Ақтөбе төтенше жағдайға дайын

    Ақтөбе төтенше жағдайға дайын

    Ақтөбеде жылу құбырының жарылуынан бір адам зардап шекті. Апат салдарынан тұрғын үйлер мен өнеркәсіп орындары жылусыз қалуы мүмкін.

    Осындай сценариймен Ақтөбеде оқу-жаттығу өтті. Тұрғындар қалашығы ауданындағы “Трансэнерго“ АҚ жылу желілерінде шұғыл әрекет ету жасақтарының дайындығы пысықталды. Ақтөбе қаласы әкімінің төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашевтың айтуынша, Ақтөбе төтенше жағдайға дайын.
    -Шара “Қыс-2015” республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуының аясында өткізіліп отыр. Бұған дейін Ақтөбедегі мұнай-газ колледжінде ірі өрт болып, адамдар қауіпсіз аймаққа көшірілген болатын. Ал бүгінгі сценарий бойынша, қолайсыз ауа райы салдарынан диаметрі 700 миллиметр болатын жылу құбыры жарылды. Салдарынан бір адам күйіп қалады. Бұл жаттығу төтенше жағдай кезінде қауіп-қатерді азайту үшін жасалып отыр,-дейді ол.

    “Трансэнерго” АҚ бас инженері Олжас Мектепбаевтың айтуынша, Ақтөбеде тозығы жеткен жылу желілері бар. Биыл 16 шақырымнан астам жылу құбыры мен 2 қазандық алмастырылған.
    Мамандар соңғы жылдары Ақтөбедегі жылу құбырларында ірі апат тіркелмегенін айтады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 5 қазанда жылу беріле бастайды
  • Ақтөбеде жылу қымбаттайды
  • Ақтөбеліктер жылуға 100 млн теңге қарыз
  • Жылу беру маусымы аяқталды
  • Жылу маусымы 2 аптадан соң аяқталады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге