Кей автобустардың қозғалыс сызбасы өзгерді

    Ақтөбеде 18 қарашадан бастап №32 және №16 бағыттағы автобустардың жол жүру қозғалысы өзгерді. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне “Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары” ММ басшысының орынбасары Руслан Төреғали хабарлады.

    Сүт зауыты ауданындағы айналма жол мен Елек айналма жолы арасындағы бау-бақша ұжымында халық көп шоғырланған. Осы уақытқа дейін тұрғындар көлік қатынасының азабын тартып келді. Жазғы мезгілде бау-бақшаға ғана қатынап жүрген №32 автобусқа отыруға мәжбүр болды. Ал қыста үйлеріне әупірімдеп жетіп жүрді.Осылайша саяжай тұрғындарының мәселесі биліктің назарына ілікті.

    Енді 18 қарашадан бастап №32 бағыттағы “ПАЗ” автобустары тұрақты түрде орталық базар мен сүт зауыты ауданына қатынай бастады. Бұл туралы Руслан Төреғали айтты. Әзірше орташа сыйымдылықты бір автобус жүреді. Ара қашықтығы 45 минут. Халық легінің көбеюіне байланысты аралық уақыты қысқартылады. Қосымша автобус-тар жіберіледі. Яғни, Елек айналма жолы мен Сүт зауытындағы айналма жол арасындағы халық қоғамдық көлікпен қамтамасыз етіледі.

    - №32 бағыттағы автобус жазғы мезгілдегі бау-бақша маршруты болатын. Енді тұрақты қозғалыс бағытын ұйымдастырып отырмыз. Бағыт Шернияз көшесіндегі Орталық базар аялдамасынан бас-талады. Пушкин саябағы, Некрасов көшесінен Берсеев көшесіне шығады. Сосын Елек айналма жолына түседі. Сүт зауыты айналма жолына дейін жүретін болады. Қайтарда Жиенбаев, Тәжібаев, Жазықов көшесі Зауыт, Краснощенков көшесі арқылы қайтып, орталық базарға келеді,-дейді Руслан Төреғали.

    Сонымен қатар, №16 бағыттағы маршруттың да жүру бағыты өзгерді. №16 бағыттағы автобус бұрын Бейбітшілік даңғылы мен Есет батыр көшесімен жүретін. Өзгеріс енгеннен кейін Тургенев көшесімен жүре бастады. Яғни, 40 үй, 40А үйде бір аялдама, Тургенев пен Қалдаяқов көшесінде тағы бір аялдама болады. Автобус барарда Тургеневпен жүріп, Абай даңғылына түседі. Қайтар жолда толығымен Түргенев көшесімен жүреді. Қазіргі таңда №16 бағытпен 9 автобус қатынап жүр. Автобустардың қатынау қашықтығы 8 минут.

    Руслан Төреғалидың айтуынша, өзгерістер халықтың арыз-шағымы негізінде жүзеге асып отыр. Адам санының артуына байланысты қоғамдық көліктің қажеттілігі де туындаған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жол үш күнге жабылады
  • C.Бәйішев көшесі бір жарым айға жабылады
  • Жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылды
  • Жол құрылысына 100 млн теңге бөлінді
  • Бау-бақшаға автобус қатынай бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге