Сара Нұрқатова мен оның ұлы жұмыстан кетуге арыз берді

    Сара Нұрқатова өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазды. Ал оның ұлы Максим Чаркин алдағы аптадан бастап қызметінен босатылды.

    Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова жұмыстан кету туралы арызды 18 қараша күні жазған. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, нақты шешім 1 айдан кейін белгілі болмақ. Бұған қоса бүгіннен бастап облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Максим Чаркин де жұмыстан шыққан. Басқарма басшысы Жанат Самұратованың айтуынша, ол өз еркімен қызметін босатқан.

    - Максим Чаркин дүйсенбіден бастап жұмыс істемейді. Ол бұл қызметте небәрі 3 ай жасады. Осы уақыт аралығында өзін жақсы жағынан көрсетті, -дейді ол.
    Белгілі болғандай, бұл конкурсқа Максим Чаркиннен басқа үміткер өзін-өзі ұсынбаған. Алайда Жанат Самұратова Сара Нұрқатованың ұлы қатысқанын білмегенін айтып ақталды.

    Бұған дейін “Нұр Отан” партиясына қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес облыс әкімі орынбасары Сара Нұрқатованы сынға алды. Оған себеп- шенеуніктің 30-ға толмаған туған ұлы мен келінінің өз қоластындағы лауазымды қызметке тағайындалуы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сара Нұрқатованың келіні: Егер бала ата-анасына ұқсағысы келсе, ол жаман ба?!
  • Сара Нұрқатованың келіні: Мен бұл қызметке даладан келген жоқпын
  • Сара нұрқатова: Ұлым лауазымды қызметке адал еңбегімен келді
  • Сара Нұрқатова: Ұлым лауазымды қызметке адал еңбегімен келді
  • “Нұр Отан” Сара Нұрқатоваға қызметінен кетуді ұсынды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге