Ясныйға жаңа мектеп салынады

    Ясныйға жаңа мектеп салынады

    Ясный ауылындағы №41 қазақ орта мектебіне жаңа ғимарат салу үшін жер телімі бөлінеді. Өйткені 140 балаға лайықталған мектепте қазір 500-ден астам оқушы білім алып жүр. Бұл мектептің жағдайымен жуырда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев танысып қайтқан.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 5 желтоқсан күні қаладағы бірқатар нысанды аралады. Ясный ауылындағы №41 жалпы білім беретін мектепке де бас сұқты. Білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Аймағамбетованың айтуынша, мектеп әкімшілігі әкімнің келетінінен бейхабар болған.
    - Облыс басшысының мектептерді аралап жүргенін білетінбіз. Бірақ дәл сенбі күні бізге келеді деп ойлаған жоқпыз. Әдеттегідей сабақ жүріп жатқан. Бізде спорт зал жоқ. Осыдан 6 жыл бұрын жертөлені би залы етіп жөндеуден өткіздік. Дене шынықтыру сабағына оқушылар сол би залына барады. Басқа амалымыз жоқ.Әкім дене шынықтыру сабағы өтіп жатқан би залын да көзімен көрді. Оқушылармен сөйлесті,-дейді Эльмира Аймағамбетова.

    Мектептің материалдық-техникалық базасын көрген Бердібек Сапарбаев мектеп ұжымын қуантып тастады. Жаңа ғимарат салуға уәде беретінін айтты. Қала әкімі Бекбол Сағынға жер телімін бөлуді тапсырды.
    Отыз жылдық тарихы бар мектеп бұрын балабақша болған. Негізінен 140 балаға лайықталған. Бірақ бүгінде 500-ден астам оқушы білім алуға мәжбүр болып отыр. Мектеп тарлық етсе де, оқушылардың білім көрсеткіші жоғары. Өткен жылы ҰБТ көрсеткіші 98 пайызды құраған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Өрлеуде жаңа мектеп ашылды
  • Ақтөбеде әлі күнге дейін қамыстан тұрғызылған мектептер бар
  • Ембіде жаңа мектеп ашылды
  • Елу мыңнан астам адам №23 мектеп-лицейді таңдады
  • Облыс әкімі ұстаздарды құттықтады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге