Мемлекеттік қызметкер мүгедектерден пара алды деген күдікке ілінді

 Ақтөбе облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы 1 200 000 теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Назгүл ӘБЕТОВА

Мемлекеттік қызметкер медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде мүгедектерден мүгедектік мерзімін белгілеу және ұзарту үшін бірнеше рет пара алған. Параның жалпы сомасы 1 200 000 теңгені құрайды.

 “Тергеу соты күдіктіні электрондық білезікті қолдану арқылы “үйқамақ” түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады”,-делінген хабарламада.

 Қазіргі таңда Ақтөбе болысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің №4 медициналық-сараптама бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.


Құқық
14:30, 09 февраль 2023
757
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив