Бердібек Сапарбаев: Газ өндірісін ұлғайту керек

    Ақтөбеде сұйытылған газ көлемін 10-20 мың текше метрге ұлғайту керек. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ бас директоры Ван Цзюньжэньге осыны тапсырды.

    Жаңа жылдан бастап бюджет қаржысы үнемделеді. Яғни, мемлекетке тиесілі автокөліктер бензинмен емес, газбен жүре бастайды. Демек, тез арада аймақтағы газ өндірісі де ұлғаюы тиіс. “Өндіріс көлемі кем дегенде 10-20 мың текше метрге көбейтілсін!” Мұғалжар ауданына барған сапарында облыс басшысы “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ бас директоры Ван Цзюньжэньге осындай тапсырма берді.
    “Керек.info” газетінің өткен санында ақтөбелік жүргізушілердің газдан тапшылық көріп отырғандығын хабарлаған болатынбыз. Яғни, Ақтөбеде газ тек талон арқылы ғана сатылып жатыр. Өндіріс көлемі өссе, бұл мәселе де шешімін табуы тиіс.

    Мұғалжар ауданындағы сапарында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірқатар өндіріс орындарын аралаған. – Сапарбаев мұнай өндіруші және сервистік компания басшыларымен кездесті. Оларға жұмыс орындарын қысқартпау, еңбекақыны уақытылы төлеу, қазақстандық жұмысшылардың санын арттыру талабын қойды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев төртінші орында
  • Жаңа әкім – жаңа міндет
  • Қытай тағы да Ақтөбе өңіріне инвестиция салмақ
  • Бердібек САПАРБАЕВ: Дағдарысты сылтау қылмаңдар!
  • Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге