Ақтөбеде фитнес клубтың саунасы өртенді

    Ақтөбеде  фитнес клубтың саунасы  өртенді
    Сурет zello_aktobe парақшасынан алынды

    Ақтөбедегі World Class финтес клубының саунасынан өрт шықты. Құтқарушылар монша қызметкерлерінің алғашында өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқанын айтады. Бұл жөнінде “Керек.info” тілшісіне ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

    World Class финтес клубынан өрт 10 қараша күні жергілікті уақытпен 11:52 шамасында шықты. Жалын қамтыған аумақ 4 шаршы метр.

    Ақтөбедегі ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт клуб саунасындағы бу бөлмесінен шыққан. Ғимарат ішін қою түтін алып кеткендіктен 38 адам дереу сыртқа шығарылды. Оның 30-ы клуб қызметкері, сегізі моншаға келушілер. Саунадағы өрттен олардың ешқайсы зардап шеккен жоқ.

    Құтқарушылар таратқан мәліметке қарағанда, монша қызметкерлері алғашында өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқан.Соның айғағы- оқиға орнын барлау кезінде табылған 9 өрт сөндіру құралы.

    World Class финтес клубы Ақтөбенің орталығында халық тығыз қоныстанған маңда орналасқан. Көп қабатты тұрғын үйлермен жапсарлас. Сондықтан фитнес клубынан шыққан өртті сөндіруге 40 маман мен 17 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін апаттық медицина, қалалық авариялық электр желісі қызметі мен жол полициясының қызметкерлері де тартылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жарылыстан екі адам зардап шекті
  • Ақтөбеде дәмхана өртенді
  • “Локомотив” кинотеатры өртенді
  • ТЖД: “Ланцелот” электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өртенген
  • ТЖД: Мейрамхана электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өртенген
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге