Ауыл кәсіпкерлеріне 6 млн теңге несие берілетін болды

    Ауылдық жерде жеке кәсіппен айналысқысы келетін азаматтарға 6 млн теңге несие беріледі. Алты пайыздық өсіммен берілетін қаражатты шаруалар 5 жыл ішінде өтеуі тиіс.

    Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бағдарламасы аясында пилоттық жоба басталды. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келген ауыл тұрғындарына биылдан бастап алты пайыздық өсіммен 6 млн теңгеге несие беріледі.

    Бұл қаржыға шаруалар шағын мал бордақылау алаңдарын, сүт фермалары мен құс фермаларын аша алады. Қаржыны жергілікті жерлердегі әкімшілік бекіткен шағын несиелік ұйымдар үлестіреді.
    Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Күлсін Ашмұхамбетованың айтуынша, бұрын несие көлемі 3 млн теңгені құраған. Қазір 6 млн теңге. Ең бастысы, кәсіп ашқысы келген кез-келген ауыл тұрғынының несие алу үшін кепілге қоятын мүлкі болуы тиіс.

    Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімдігі “АЛМЭКС” Холдингтік компаниясы” АҚ мен “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры”АҚ үш жақты меморандумға қол қойған. Соның негізінде кәсіпкерлерге 6 пайыздық өсіммен 10 млн теңгеге дейін несие де берілмек. Бұл қаржыны кәсіп иесі
    5 жыл ішінде қайтаруы тиіс. Сондай-ақ, 12 пайыздық мөлшермен шағын несиелеу аясында 10-15 млн теңгеге дейін қаржы беріледі. Оның
    10 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланатын болады. Бұл қаражатты кәсіпкер ең әрісі
    7 жылдың ішінде қайтаруы тиіс.

    Осыған орай мемлекеттік мекеме өкілдері бағдарламаны түсіндіру үшін ауыл тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қурайлының жастары жеке кәсіппен айналысқылары келеді
  • Ипотекалық несие қайта қаржыландырылып жатыр
  • “Қаржы пирамидасын құрған” әйелдер қамауға алынды
  • Кәсіпкерлер назарына!
  • “Егінжай” бағдарламасы бойынша қаржыландыру басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге