Мәскеу қаласындағы №402 мектеп-гимназия ұжымы Әлия Молдағұлованы еске алды

    РФ Мәскеу қаласындағы №402 мектеп-гимназия совет одағының батыры Әлия Молдағұлованың атында. Ұжым 15 қаңтар күні екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан мерген қыз Әлия Молдағұлованы еске алды. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне Мәскеу қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Асылбек Төлешов хабарлайды.

    1944 жылғы 14 қаңтар күні снайпер Әлия Молдағұлова РФ Псков облысының Новосокольники қаласына жақын маңдағы ұрыста ерлікпен қаза тапқан. Тарихи құжаттарда Мәскеу мергендер мектебінің түлегі, қазақ қызы Молдағұлованың 78 фашисті атып өлтіргендігі туралы деректер бар.
    Батырды еске алуға арналған шараға ҰОС ардагерлері, Мәскеудегі қазақтар қауымдастығы мен Ресейдегі Қазақстан елшілігінің өкілдері де қатысқан.
    - Мәскеу қаласындағы №402 мектеп-гимназияда Әлия апамыздың өмірі мен ерлігіне арналған шағын музей бар. Еске алу шарасына қатысушылар сол музейді аралап көрді. Гимназия ауласындағы батыр мүсініне гүл қойды. Оқушылар даярлаған әдеби-музыкалық кешті тамашалады-дейді Мәскеу қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Асылбек Төлешов.

    Әлия Молдағұловаға совет одағының батыры атағы 1944 жылғы 4 маусымда берілген. Батыр қыз РФ Псков облысы Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ғалымжан байдербес 80 жаста
  • Барлаушының туыстары табылды!
  • Қырғыз актрисасы ”Қобданың құрметті азаматы” атануы мүмкін
  • Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл
  • Әлия музейіндегі ең құнды экспонат Ақтөбеге қалай жетті?
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге