Көктөбе ауылындағы мектеп өртеніп кетті

    Көктөбе ауылындағы мектеп  өртеніп кетті

    Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Көктөбе ауылындағы 9 жылдық мектеп түгелдей жанып кетті. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне Ақкемер ауылдық округінің әкімі Талғат Өтемұратов айтты.

    Мұғалжар ауданы Көктөбе ауылындағы мектеп ғимараты 14 қаңтар күні таң алдында өртене бастаған. Абырой болғанда, өрт мектепке балалар жиналмай тұрып басталған. Таңғы 8-ге таман мектептің күлі ғана қалды.Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

    Ақкемер селолық округінің әкімі Талғат Өтемұратовтың айтуынша, ғимарат 1956 жылы салынған. Тоғыз жылдық мектепте 31 бала оқушы білім алып жүрген болатын.

    - Ауылда газ жоқ. Мектепті көмір жағып, жылытатынбыз. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Құжаттардан басқалары түгелімен жанып кетті. Соған қарамастан 14 қаңтар күні сабақ тоқтатылған жоқ. Балалар ауыл клубында оқыды,-дейді Талғат Өтемұратов.

    Қазір мектеп оқушылары ауыл әкімдігінің жаңа ғимаратында білім алып жүр. Мектепке қажетті құрал-жабдықтар жаңадан сатып алынған.

    Көктөбе ауылы Ақкемер селолық округінен 20 шақырым жерде. Бүгінде бұл ауылда 130 үй түтін түтетіп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ясныйға жаңа мектеп салынады
  • Өрлеуде жаңа мектеп ашылды
  • Ембіде жаңа мектеп ашылды
  • Жайсаңбайдың балабақшасына түсірілген көмір жанып кетті
  • Ескі қойма өртеніп кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге