Студенттерге облыс әкімі гранты берілетін болды

    Ақтөбеде 3-4 жылдан бері тоқтап қалған әкім гранты қайтадан берілетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіндегі кездесуде айтты.

    Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 19 қаңтар күні М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіне барды. Оқытушылар, ата-аналар мен студенттермен кездесті. Денсаулық сақтау саласының бүгінгі жай-жапсары туралы мәселе қозғалды.

    Бұл оқу орны республиканың 5 облысы үшін дәрігерлер дайындайды. Университет ректоры Ербол Бекмұхамбетовтің айтуынша, бүгінгі таңда мұнда бес мың студент білім алып жүр. Маңғыстау облысынан келген 200-ден астам студент облыс әкімінің грантымен оқып жүр. Ал ақтөбелік студенттерге 3-4 жылдан бері әкім грантын беру тоқтатылды.

    Бердібек Сапарбаевтан болашақ дәрігерлер грантты қалпына келтіруді өтінді. Облыс әкімі студенттердің сұранысын қанағаттандыратынын айтып, қуантып тастады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев: Газ өндірісін ұлғайту керек
  • Бердібек Сапарбаев: Сара Нұрқатованың арызын қанағаттандырамын
  • Бердібек Сапарбаев төртінші орында
  • Облыс әкімі ұстаздарды құттықтады
  • Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге