Ырғызда бес адам мінген көлік көлге батып кетті

    Ырғыз ауданындағы Малайдар көлінде мұз ойылып, УАЗ көлігі батып кетті. Көліктің салонында бес адам болған. Олардың екеуі аман. Бұл туралы “Керек. info” тілшісіне “Наурыз-СИМ” ЖШС директоры Ибрагим Сәрсенбаев айтты.

    “Наурыз-СИМ” ЖШС Ырғыз ауданындағы бес көлді жалға алған. Қызметтік көліктерімен көлге батып кеткен бес адам осы серіктестіктің жұмысшылары. Олар 22 қаңтар күні балық тұншығып қалмас үшін мұз оюға шығады. “Балықтарға оттегі жібереміз” деп шыққан бес жұмысшының көлігі түс әлпетінде Малайдар көліне батып кеткен.

    - Көлік түсіп кеткен жердің тереңдігі 2,5 метр. УАЗ-дың салонында болған екі жас жігіт бірін-бірі сүйрелеп, су астынан әрең шығады. Ал қалған үш адамның үстерінде қалың киімдері болған. Олар суға батқан көліктен шыға алмай қалған,-дейді Ибрагим Сәрсенбаев.

    “Керек. info” тілшісі мұз астынан аман шыққан Нұрлан Пірімжаровқа да хабарласқан болатын. Ол әлі де өз-өзіне келе алмай жүргенін, болған оқиғаны есіне салғысы келмейтінін айтты.

    Ырғыздағы Малайдар көлінде мұз ойылып, үш адамның қаза тапқанын ТЖД де растап отыр. Мұз астынан шыға алмай қалған үш жұмысшының денесі ертең яғни, 26 қаңтар күні жер қойнына тапсырылады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шалқарлық бала Елекке батып кетті
  • Шаруалар шығынға батып жатыр
  • Тағы бір адам суға кетіп қалды
  • Осы аптада 2 бала суға кетіп қалды
  • Шалқар көлінде балық қырылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге