Ақтөбеде осы аптада үш бірдей автокөлік өртенді

    Ақтөбеде соңғы төрт күннің ішінде үш бірдей автокөлік өртеніп кетті. Құтқарушылар ақтөбелік жүргізушілердің қауіпсіздік ережелерін сақтауларын сұрайды.

    Алғашқы оқиға 23 қаңтар күні бесінші мөлтек ауданындағы көпірде болды. Тілсіз жаудан Volkswagen Passat автокөлігі түгелдей өртеніп кетті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көлік жарылысының күші өте қатты болған. Ал Пацаев көшесінде болған өрт кезінде көліктің тек құр қаңқасы қалды. 25 қаңтар күні облыстық жедел жәрдем ауруханасының маңына барған “Керек.info” тілшісі көлік салонының әлі де түтіндеп жатқанын көрді.

    - 1993 жылы шыққан Volkswagen Passat автокөлігі өртенді. Бұл туралы хабар кезекші бөлімге 15 сағат 30 минутта келіп түсті. Өрт сөндірушілер 10 минуттың ішінде жалынды сөндіріп үлгерді,-дейді ТЖД өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы Айман Күміспаева.
    Көліктен шыққан өртті сөндіруге жеке құрамнан 5 адам мен 1 техника жұмылдырылған. Адам шығыны жоқ. Қазір өрттің себептері мен келген шығын мөлшері анықталып жатыр.
    Аты-жөнін атамаған көлік иесінің айтуынша, ол ауруханаға келген әйелін көлік салонында күтіп отырған. Көлік түтіндей бастағанда жүргізуші салоннан шығып үлгеріпті.

    Үшінші көлік Нұр – Ақтөбе ауданындағы көпқабатты үйлердің ауласында өртенді. Бұл жолы SEAT Alhambra автокөлігінің қозғалтқышы жанған.
    Құтқарушылардың айтуынша, автокөлік көбіне электр құрылғыларының және жанармай жіберу жүйесінің ақауынан өртенеді. Сол себепті полиция көлік иелеріне қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде тағы бір автокөлік өртеніп кетті
  • Көпір үстінде үш көлік түйісті
  • Жеті үйдің шөбі өртеніп кетті
  • Ақтөбеде дәмхана өртенді
  • Жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге