Көктайғаққа қарсы “айла”

    Көктайғаққа қарсы “айла”

    Шалқарда көктайғаққа қарсы аяқкиім тікенектері сәнге айналды. Бұл бұйым, әсіресе, зейнеткерлер мен жұмысшылардың арасында ерекше сұранысқа ие.

    Қаңтар айының соңы шалқарлықтар үшін қиынға соқты. Қала тұрғындары көбіне жаяу жүретіндіктен, көктайғақтан зардап шеккендер де көп. Сол себепті осы айда көктайғаққа қарсы аяқкиім тікенектеріне де сұраныс артқан.
    - Хабарламаны әлеуметтік желідегі Оlx-Шалқар парақшасына салдым. 40 данасын әкелгенмін. Екі күннің ішінде түгі қалмай өтіп кетті. Тапсырыс бергендердің арасында қарттар да, жастар да бар. Әсіресе жаяу жүретін жұмысшы адамдарға ыңғайлы. Әрі кез-келген өлшемге сәйкес келеді,-дейді Жансерік есімді қала тұрғыны.

    Аудан орталығындағы мекемелердің бірінде күзетші болып жұмыс істейтін Жансерік үшін бұл - күнкөріс көзі. Бір данасын 1500 теңгеге саудалаған ол пайдаға қарық болғанын айтады. “Керек. info” тілшісінің “аяқ- киімге арналған тікенекті қайдан алдыңыз?” деген сұраққа әуелгіде “коммерциялық құпия” деп жауап берді.Кейін жұмысшыларға арналған арнаулы киім сататын дүкеннен алғанын айтты.

    - Бірінші әкелгенде-ақ 20 мың теңге пайда көрдім. Жақында тағы елуін әкелген едім.Тіпті бір адам жиырмасына бірдей тапсырыс берді. Мұндай бұйым Ақтөбеде де сатылып жатқан көрінеді. Бірақ бағасы екі есе қымбат деп естідім, -дейді ол.

    Дәрігерлер осы аптада көктайғақтан зардап шеккендердің азайғанын айтады. Өткен аптада 400 адам көктайғақтан құлап, жарақат алған еді. Жергілікті синоптиктердің болжамынша, облыста ақпан айының басым бөлігі жылы болмақ. Алдағы бес күн де жылы болады. Бірақ, бұлтты, әрі жауын-шашынды. Тек апта соңына таман күн қайта суытпақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде мектеп ауласында жарақат алушылар күрт көбейген
  • Ақтөбедегі көктайғақтан соңғы үш күнде 88 адам зардап шеккен
  • Ақтөбедегі көктайғақтың зардабы
  • Маусымның соңына дейін аптап ыстық болады
  • Велосипед тебу сәнге айналды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге